12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

№21 мекемесінде сотталғандар арасында шығармашылық байқау өтті

Абай облысында «Бостандыққа шыққаннан кейінгі өмірім» атты іс-шара өтті, онда қатысушылар болашаққа деген армандарымен бөлісті.

Абай облысы бойынша №21 мекемесінде сотталғандар арасында байқау өтті. Іс-шараны психолог-инспектор Оразбаева Әсемгүл ұйымдастырды. Байқаудың тақырыптары: «Бостандыққа шыққаннан кейінгі өмірім», «Менің отбасым», «Менің болашағым», «Бұл ғажап әлем» болды.

Сотталғандар өлеңдер жазып, өткен өмірлерін баяндап, болашақ туралы ойларымен бөлісті. Олардың шығармаларында шынайы мойындаулар, өкініш сезімі мен өзгеріске деген сенім байқалды. Көпшілігі отбасының маңыздылығын, жаңа өмірге деген арманын және түзелуге деген ықыласын атап өтті.

«Олардың шығармаларын оқығанда, әрбір адамның өзгеруге және жаңа мақсат табуға қабілетті екенін түсінесің», — деді психолог-инспектор Әсемгүл Оразбаева.

Байқау қорытындысы бойынша барлық қатысушылар алғыс хаттармен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды. Мұндай іс-шаралар сотталғандардың өз-өзіне сенуіне, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және еркін өмірдің құндылығын түсінуге ықпал етеді.

Для осужденных женщин проводились курсы профессиональной подготовки

В целях исполнения пункта 3.7 протокола, проведённого Руководителем Администрации...

Сотталған азаматшаларға кәсіби курстар өткізілді

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының А.А. Дадебай төрағалығымен өткен...

Жетісу облысында пробация қызметі профилактикалық шара өткізуде

Жетісу облысы Ескелді аудандық пробация қызметі жергілікті полиция қызметкерлерімен...