Абай облысы, Семей қаласындағы №21 мекемесінде Мемлекеттік рәміздер күніне арналған іс-шара өтті
Абай облысы Семей қаласындағы №21 мекемесінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері – Ту, Елтаңба және Әнұран күніне орай сотталған азаматтар арасында патриоттық бағыттағы тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – сотталғандарға патриоттық тәрбие беру, еліміздің Мемлекеттік рәміздерінің мән-маңызын терең ұғындыру және оларды құрметтеуге баулу болды. Шара барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы және Әнұраны туралы толық мағлұмат беріліп, олардың шығу тарихы мен мазмұны кеңінен түсіндірілді.
Сотталғандарға отансүйгіштік сезімін ояту және еліміздің өткенін тереңірек тануға мүмкіндік беру мақсатында тарихи фильм көрсетілді. Фильм арқылы олар Қазақстанның Тәуелсіздік жолындағы күресі мен мемлекеттіліктің қалыптасу кезеңдері туралы кеңінен ақпарат алды.
Сонымен қатар, қатысушылар арасында мемлекеттік рәміздерге қатысты танымдық викторина ұйымдастырылды. Викторинада белсенділік танытқан сотталғандар алғыс хаттармен марапатталды.
Мекеме әкімшілігі бұл іс-шараның сотталған азаматтардың бойында елге деген құрмет пен жауапкершілік сезімін қалыптастыруға ықпал ететініне сенімді.
– Мемлекеттік рәміздер – бұл елдің тәуелсіздігі мен тұтастығының нышаны. Олар әр азаматтың жүрегінде ерекше орын алуы тиіс. Біз бұл іс-шара арқылы сотталғандардың рухани дүниесін байытып, азаматтық жауапкершілігін арттыруды мақсат еттік, – деді мекеме басшылығы.
Мұндай іс-шаралар сотталғандарды тәрбиелеу және қайта әлеуметтендіру бағытында маңызды рөл атқаратыны сөзсіз.