№21 мекемеде Тәуелсіздік күніне арналған тәрбиелік іс-шара өтті

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай №21 мекемеде сотталғандар арасында тәрбиелік-маңызды іс-шара ұйымдастырылды. Аталған шараның басты мақсаты – патриоттық сезімді қалыптастыру, тарихи жадыны сақтау және азаматтық жауапкершілікті арттыру.

Іс-шара барысында 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасында қаза тапқан жастардың рухына 1 минут үнсіздік жарияланды. Одан кейін Желтоқсан көтерілісіне арналған деректі фильм көрсетіліп, қатысушыларға еліміздің тәуелсіздік жолындағы күресі туралы мазмұнды ақпарат берілді. Көрсетілген фильм сотталғандар арасында ой салдырып, ел тарихына деген құрметті арттырды.

Сонымен қатар, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында түрлі спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды. Спорттық жарыстарға сотталғандар белсенді қатысып, ұйымшылдық пен өзара қолдау көрсетті.

Өткізілген іс-шара сотталғандардың рухани-адамгершілік құндылықтарын нығайтуға, қоғамға бейімделуіне оң әсерін тигізді. Осындай тәрбиелік бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

ҚАЖ әйелдер колониясының қызметкерлері ауыл тұрғындарын Қарттар күнімен құттықтады

Қарттар күніне орай Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясының...

Алматинцы потратили более 130 млрд тенге из средств ОСМС

В 2026 году Фонд медицинского страхования оплатил медорганизациям Алматы...

Алматылықтар МӘМС қаражатынан 130 млрд теңге жұмсады

2026 жылы Медициналық сақтандыру қоры Алматы қаласындағы медицина ұйымдарына...

БІРІНШІ ҚАЗАН – АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ТУҒАН КҮНІ

Қазақтың жоғары білім тарихын Абай университетінің шежіресінен бөліп қарай...