№21 мекемеде Абайдың 180 жылдығына арналған әдеби кеш өтті

Абай облысында №21 мекеме қызметкерлерінің қатысуымен ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған “Абай тағылымы” атты тағылымды әдеби кеш өтті. Бұл шара – ұлт руханиятына құрметтің, Абай мұрасына деген шынайы ілтипаттың белгісі болды.

Кеш барысында Абайдың жүрек тербетер әндері орындалып, көркем жырлары мен өлеңдерінен үзінділер оқылды. Қызметкерлер Абайдың қара сөздерінен тағылымды ойлар ұсынып, ұлы ойшылдың өмірі мен шығармашылығына терең бойлады.

Әдеби кеш ерекше мазмұнға ие болды. Қатысушылар тек тыңдаушы ретінде емес, белсенді орындаушылар ретінде сахна төрінен көрініп, Абай әлеміне шынайы саяхат жасады. Ән мен жырдың, терең ой мен сырдың тоғысқан бұл кеші көрерменнің де, қатысушының да жүрегіне жол тауып, ұмытылмас әсер қалдырды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай әдеби кештер қызметкерлердің мәдени дамуына, рухани өсуіне және ұлы мұрамызды ұлықтауға үлкен септігін тигізеді. “Абай тағылымы” кеші – осы сөзімізге дәлел.

Ұлы Абайдың 180 жылдығына орай өткен бұл шарада оның мәңгілік мұрасы тағы бір мәрте жаңғырып, әр жүрекке жетті. Әдеби кеш соңында белсенді қатысушылар марапатталып, көпшілік алғысын білдірді.

Абай мұрасы – мәңгілік. Оны ұлықтау – ұлт парызы. “Абай тағылымы” кеші – осы ұлы парыздың биік үлгісі болды.

Символ традиций в экоисполнении: в Алматы показали седло из переработанных материалов

На площади перед выставочным центром «Атакент» прошел масштабный фестиваль...

Методы разные, а результат один

В АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ ЗАФИКСИРОВАНЫ НОВЫЕ СЛУЧАИ ТЕЛЕФОННОГО И ИНТЕРНЕТМОШЕННИЧЕСТВА,...

Когда домбра – часть жизни 

ИМЯ ЮНОГО ДОМБРИСТА ИЗ КОКШЕТАУ АБЫЛАЙХАНА САМАТА ИЗВЕСТНО ДАЛЕКО...

Современные немецкие технологии 

В ЗЕРЕНДИНСКОМ РАЙОНЕ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ БЛИЗИТСЯ К ЗАВЕРШЕНИЮ СТРОИТЕЛЬСТВО...

Используя трудовые ресурсы

ИЗУЧАЯ СФЕРУ ТРУДА И ЗАНЯТОСТИ, ОДНА ИЗ ПЛАТФОРМ ДЛЯ...