№20 мекемеде Абай атындағы кітапхана ұйымдастыруымен кітап көрмесі өтті

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №20 мекемеде Абай атындағы кітапхана ұйымдастыруымен кітап көрмесі өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – сотталғандарды кітап оқуға баулу, олардың ой-өрісін кеңейту, сондай-ақ көркем және танымдық әдебиеттерге деген қызығушылығын арттыру. Көрме барысында қатысушылар қазақ және әлем әдебиетінің классиктерінің шығармаларымен, сондай-ақ әртүрлі тақырыптағы заманауи басылымдармен танысты.

Осындай шаралар сотталғандардың рухани-адамгершілік тәрбиесіне, кітап оқу мәдениетін дамытуға және бос уақыттарын тиімді ұйымдастыруға ықпал етеді. Қатысушылар ұйымдастырушыларға қызықты кітаптармен және жаңа әдеби туындылармен танысу мүмкіндігін бергені үшін алғыстарын білдірді.

– Бала күнімде кітап оқуға аса қызықпайтынмын. Мекемеде жазамды өтеп жүріп, жергілікті кітапханаға жиі бара бастадым. Бүгін кітап көрмесіне үлкен ықыласпен қатысып, өзім үшін көп жаңа мәлімет алдым, – деді сотталған Василий.

– Аталған іс-шараның мақсаты – сотталғандарға кітапқа деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, өзін-өзі тәрбиелеуге және интеллектуалдық деңгейін дамытуға қызығушылық ояту, – деді тәрбие бөлімінің бастығы Максат Серікханов.

Семья, школа и общество

ВО ВСЕХ ШКОЛАХ КАЗАХСТАНА ДО КОНЦА СЕНТЯБРЯ 2026 ГОДА...

Оценка – не только цифра

С 23 ПО 30 СЕНТЯБРЯ В ШКОЛАХ ПРОХОДИТ ПЕРВЫЙ...

Афера с призами

ИСПОЛЬЗОВАНИЕ СОВРЕМЕННЫХ ТЕХНОЛОГИЙ И СОЦСЕТЕЙ ЧРЕВАТО ПРОБЛЕМАМИ. ОБ ЭТОМ...

Новый AI-центр

В НОВОМ ЦИФРОВОМ ЦЕНТРЕ, КОТОРЫЙ НАЧАЛ РАБОТУ В ШЫМКЕНТЕ,...

В погоне за легким заработком

АГЕНТСТВО ПО ФИНАНСОВОМУ МОНИТОРИНГУ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН СООБЩИЛО О ПРЕСЕЧЕНИИ...