Мекеменің аумағында инженерлік-техникалық құрылғылары, бақылап-өткізу пунктін жабдықтау үшін бейнебақылау жүйесі мен заманауи тексеру құрылғысы орнатылды.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін, Астана қаласы бойынша ҚАЖ Департаментінің №2 мекемесінде қол жүктер мен азық-түліктерді сканерлеу үшін жаңа «UNIQSCAN» тексеру құрылғысы орнатылды.
«Жаңа құрылғы, мекемеге ықтималды түрде қауіп тудыратын жасырын түрде салынған тыйым салынған заттарды табуға мүмкіндік береді» — деп пікірін білдірді №2 мекеменің бастығы әділет подполковнигі Беков Нурлан Серикович.


