spot_img
spot_img

№16 мекемесіндегі кешкі мектеп білім ордасында білім күні аталып өтті

ШҚО бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты №16 мекемесіндегі №2 кешкі мектеп білім ордасында білім күні аталып өтті. 1 қырқүйек «Алғашқы қоңырау» салтанатты мерекесі Қазақстан Республикасының әнұранын орындау рәсімімен басталып, мектеп директоры Еркеш Ергазиновичтің жаңа оқу жылының басталуымен мектеп оқушыларын құттықтау сөзімен жалғасты. Мектеп директорымен бекітілген «Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтаныш» айдарымен мерекелік іс-шара толықтырылып, рәміздер туралы слайд шоу көрсетілді және рәміздердің тарихы бойынша ақпарат беріліп өтті.
Жаңа оқу жылына қабылданған оқушыларға уақытында білім алудың келешектегі зор пайдасы, көмегі, болашақта үлкен маман иесі болу мүмкіндігі бар екендігі түсіндірілді.
​Биылғы оқу жылына барлығы 50 оқушы қадам басты. Оның ішінде: 4 топ 10-шы сынып (1 қазақ тобы және 3 орыс тобы) және 3 топ 11-шы сыныптан (1 қазақ тобы және 2 орыс тобы) тұрады.
​Барлық сыныптар 1 ші тоқсан жоспары және қыркүйек айының 1 ші аптасының сабақ кестесімен таныстырылып, жоспарға сай сабақтар жүргіліп басталды.

«Абай жұлдызы» премиясының жеңімпазы анықталды

Абай облысы, Семей қаласында өткен «Абай жұлдыз» инста-премиясы өңірдің...

ҚАЖ қызметкері құрметті демалысқа шықты

Ұзақ жылдар бойы Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №79...

Үш күндік оқу курстары өтті

ҚАЖД №79 мекемесінде “Свет Маяка Надежды ” әлеуметтік жобалар...

«Абай жұлдызында» Әсемгүл Оразбаева жеңіске жетті

Абай облысы, Семей қаласында өткен «Абай жұлдыз» инста-премиясы өңірдің...