№11 мекемесінде сотталғандарды кәсіптік даярлау жұмыстары жүргізілді

Алматы қаласы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №11 мекемесінде  Қазақстан Республикасы Президентінің  2023 жылғы №409 жарлығымен бекітілген Адам құқықтары және заң үстемдігі саласындағы іс-қимыл жоспарының 14-тармағында халықаралық ұйымдар мен бизнесті тарта отырып және еңбек нарығындағы сұранысты ескере отырып  қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде сотталғандарды кәсіптік даярлау курстарын өзектендіру көзделген. Осыған орай 12-17 мамыр аралығында «Жаңа Әлем Групп» ЖШС қызметкері мекемедегі 15-жазасын өтеуші жасөспірімдермен дәнекерлеу бойынша қысқа мерзімді оқыту курсын өткізді.

Теориялық және практикалық негізде өткен курс нәтижесі бойынша жазасын өтеуші жасөспірмдерге оқу бітіргені туралы мемлекеттік үлгідегі куәліктер берілді. Салтанаты жиынға «Атамекен» ҰКП өкілдігі ҚАЖ департамент қызметкерлері, «Алматы ж Алматы жолаушылар көлігі және  технологиялар  колледжі» директорының орынбасары мекеме бастығы қатысты.Сотталған балалар жазасын өтеп шыққан соң жұмысқа орналасып, табыс тауып, өмірлерін жаңа арнаға бұра алады. Жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін реформалау мақсатында Мемлекет басшысы Қ.Ж. Тоқаев 2025 жылды “Жұмысшы мамандықтар жылы” деп жариялады. Бұл елімізде жұмысшы мамандықтарына деген сұраныстың артып отырғанын көрсетеді. Біздің басты міндетіміз – сотталған балалардың осы мүмкіндіктерді тиімді пайдалануына ықпал ету, – деді мекеме басшысы әділет полковнигі А.Сулейменов.    

                                            №11 мекеме Еркегүл Жеңісхан    
 
 




«50 мың теңгелік зауыт»: сот Артем Крецумен жасалған мәмілені жарамсыз деп таныды

Құны 2,5 млрд теңгеден асатын активтері бар Көкшетаудағы жұмыс...

Tatulyq.kz: зорлық-зомбылықтың алдын алуда қоғамның жауапкершілігі маңызды

Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз...

Ана тілі — асыл қазына

         Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тілі. Бұл...

ПРЕСТУПНЫЕ ДОХОДЫ – ЧЕРЕЗ КРИПТУ

ЦИФРОВЫЕ ТЕХНОЛОГИИ ОТКРЫЛИ НОВЫЕ ВОЗМОЖНОСТИ НЕ ТОЛЬКО ДЛЯ ЗАКОННОГО...