№11 мекемесінде ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтті

Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің  №11 мекемесінде,   жазасын өтеуші жасөспірімдер арасында және Алматы қаласы Спорт басқармасы «Ұлттық спорт және ат спорты түрлері спорт клубының» қолдауымен Наурыз мейрамын тойлау тұжырымдамасы аясында ұлттық спорт түрлері  Асық ату спорты,  16кг гір тасын көтеру, арқан тарту, тоғыз құмалақтан жарыс жазалы жасөпірімдер арасында өтті.

Асық ату спортының жаттықтырушылары  Рауан Тоқтарбай, Архат Сейткожанов топтық ойындар өткізіп,  1-орын, 2-орын және 3-орын алған асық ату ойындарының жеңімпаздарын анықтады. Гір тасын көтеру жаттықтырушылары: Ернар Абигожа және Тоғыз құмалақтан, Берік Сембаев, арқан тартыс бойынша ұлттық ойындар өткізген, Ермухан Шаркабаевтар жеңімпаздарды анықтап, Алматы қаласы Спорт басқармасының мақтау қағаздарымен жазалы жасөпірімдерді марпаттады. Жарыс аяқталған соң, мекеме бастығы әділет полковнигі  А.Сүлейменов келген қонақтарға  Алматы қаласы ҚАЖД бастығының атынан алғыс хатты табыстап, сотталған балалардың қоғамда өз орындарын табуларына жігерлендіретін  ұлттық спорттық ойын көрсеткен үшін жаттықрушыларға алғыс білдірді.  «Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының» құрамында тек ат спорты ғана емес, асық ату, дәстүрлі садақ ату, жекпе-жек, құсбегілік, тоғызқұмалақ, қазақ күресі сынды ұлттық ойындар да бар. Ұлттық спорт дегенде ұлттық рух, мәдениетіміз бен дәстүріміз еске түседі. Жалпы, соңғы жылдары елімізде ұлттық спорт түрлері қарқынды дамып келеді, бұған мемлекет басшылығы да қолдау көрсетуде. Жастар арасында ұлттық спорт түрлерін насихаттау     басты мақсат екенін айқын.

                                                   №11 мекеме Еркегүл Жеңісхан

Алматы қаласы Жетісу ауданының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру жөніндегі ақпараты

Жетісу ауданы әкімінің аппаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақстан...

Жастарға мемлекеттік қызметке жол ашылды

Бүгінде мемлекеттік қызмет жүйесінде әділ әрі ашық кадрлық саясатты...

СОСТОЯЛОСЬ ОЧЕРЕДНОЕ ЗАСЕДАНИЕ СОВЕТА ПО ЭТИКЕ

🔹В ходе заседания рассмотрены результаты деятельности дисциплинарных комиссий государственных...

ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

🔹Отырыс барысында Қарағанды облысы мемлекеттік органдарының тәртіптік комиссияларының 2026...

Орталық Азия экономикасының жартысынан астамы Қазақстанға тиесілі

Орталық Азия экономикасының жалпы көлемі жарты триллион доллардан асты....