№11 мекемедегі  жазалы жасөспірімдер аттестат алды

№3 жалпы білім беретін мектепті бітіріп, аттестат алу – жазалы жасөспірімдер үшін үлкен өмір жолының жауапты кезеңі. 16-маусымда еліміздің барлық мектеп бітірушілері мемлекеттік емтихандарды аяқтап, 18-маусым күні салтанатты түрде аттестат алды. №11мекемедегі жазасын өтеуші жасөспірмдерге де мемлекеттік құжат тапсырылды. 

Салтанатты жиын еліміздің әнұранымен басталды. Ортаға 11 және 9 сыныпты бітіруші түлектер  сынып жетекшілерімен шықты. №11   мекеменің тәрбие бөлімінің  бастығы, әділет подполковнигі Бәзілбаева Алма Қойшыбаевна мектепті бітіріп жатқан жазалы жасөспірімдерді  мерекемен құттықтап, болашақта жақсы азамат болып шығатындықтарына сенім білдірді.Мектептің оқу және тәрбие жөніндегі орынбасарлары Алмазова Людмила Васильевна мен Алиева Айзада Әбдімәдиқызы да жылы лебіздерін жеткізіп, 11-сыныпты бітірген 17-оқушыға, 9-сынып бітрген 4-оқушыға аттестат табыстады.  Жалпы  21-жазасын өтеуші жасөспірім жалпы және негізгі орта білім туралы аттестат алып, қуанышқа бөленді. 11-сыныпты бітірген  5—екіпінді оқушы мақтау қағаздарымен және қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқан оқушылар алғыс хаттармен  марапатталды. Іс-шара салтанаты концерттік бағдарламамен жалғасты, сондай-ақ мектеп бітірушілер тілектер жазылған  түрлі-түсті шарларды көкке ұшырды. Балалардың өздері темір торлы қоршауда жүрсе де, олардың асқақ армандары жазылған шарлар еш кедергісіз аспан әлеміне жол тартты.

                                                                    №11 мекеме Еркегүл Жеңісхан

Tatulyq.kz: зорлық-зомбылықтың алдын алуда қоғамның жауапкершілігі маңызды

Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз...

Ана тілі — асыл қазына

         Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тілі. Бұл...

ПРЕСТУПНЫЕ ДОХОДЫ – ЧЕРЕЗ КРИПТУ

ЦИФРОВЫЕ ТЕХНОЛОГИИ ОТКРЫЛИ НОВЫЕ ВОЗМОЖНОСТИ НЕ ТОЛЬКО ДЛЯ ЗАКОННОГО...

ВАЖНЫЕ СОЦИАЛЬНЫЕ ПРОЕКТЫ

РАВНЫЙ ДОСТУП К ОБРАЗОВАНИЮ СЕГОДНЯ РАССМАТРИВАЕТСЯ КАК ПОКАЗАТЕЛЬ ЗРЕЛОСТИ...