№11 мекемеде  «Қақпа алдында кездесу» өтті

Алматы қаласы, бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті Алматы қаласы, №11 мекемесінде   «Қақпа алдында кездесу» жобасы аясында  екі кәмелет жасқа толмаған сотталған босатылуына байланысты іс шара өтті. Алматы қаласының Мансап орталығы бөлімінің басшысы Бакаева Айсулу Амангелдиева  және ШЖҚ №24 Қалалық емхананың жалпы дәрігері Дүйсенбай Лязат Берікқызы және  №3жалпы білім беретін мектептің оқу және тәрбие жөніндегі орынбасарлары Алмазова Людмила Васильевна мен Алиева Айзада Әбдімәдиқызы мекеме бастығының міндетін атқарушы әділет подполковнигі Махамбетов Марат Берікович іс шараға қатысты.  Босатылған жазасын өтеуші жасөпірімдерге  «Қақпа алдындағы кездесу» жоба аясында көмек көрсетілетіні туралы мамандар түсіндірме жұмыстар жүргізді. Қазіргі уақытта қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босатылған адамдарды әлеуметтендіру, қылмыстың қайталанбауын болдырмау үшін жүйелі іс-шаралар қолға алынған. Мансап ораталығының  бөлімінің басшысы Бакаева Айсулу Амангелдиева   босатылған сотталғандарға  қысқа мерзімді кәсіптік білім алуға, тұрақты жұмыс табуға болатыны және әлеуметтік көмек көрсетілетіні туралы жан-жақты түсіндірді. Сонымен қатар білім және медицина т.б көмек туралы іс шараға қатысқан мамандар толық мағлұмат  берді.

                                                              №11 мекеме Еркегүл Жеңісхан

Курс молодого бойца

С 31 АВГУСТА ПО 20 СЕНТЯБРЯ 370 КУРСАНТОВ, ПОСТУПИВШИХ...

Алматы мен Астана Орталық Азиядағы экономикалық көшбасшылықты сақтап қалуға дайын

Алматы ұзақ уақыт бойы Қазақстанның саяси және коммерциялық функцияларын...

Алматы и Астана сохранят экономическое лидерство в Центральной Азии

Алматы долгое время объединял политические и коммерческие функции Казахстана...

АСЫЛХАННЫҢ АСУЛАРЫ

«Биссмила» деп бастадым сөздің басын,Мұсылманның ұрпағы біз болғасын.«Дін –ұлттың...

Условно-досрочное освобождение

Условно-досрочное освобождение – это прекращение отбывания наказания до истечения...