№11 мекемесінде кәмелетке толмаған сотталғандар арасында 1 мамыр күніне арналған мерекелік шара өтті

Алматы қаласы ҚАЖ Департаментіне қарасты  №11 мекемесінде кәмелетке толмаған сотталғандар арасында  1 мамыр Ынтымақ күніне арналған мерекелік шара өтті. Іс шараға ҚАЖД Ардагерлер төрағасы Сагалбаев Ергали Толендиевич, мүшелері Рыскалиева Нурлыхаят Жусупована, Тохтиев Омаржан Якупович шақырылды.

Жазасын өтеушілер арасында сурет салудан конкурс ұйымдастырылды.

 Жазасын өтеушілер  Б.Аманжолов, Д.Ратбек, Ш.Бельдеубаев, И.Рылский, Е.Лонкин, М.Гусак өлеңдер оқып, ән айттып, «Лезгинка» биін билеп белсенділік танытты. Сурет салудан орын алған жеңімпаздар ҚАЖД Ардагерлер төрағасы мүшелері сыйлықтармен мараппаталды.

Бүгінде әрбір ұлтқа салт – дәстүрлерін жаңғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің жетілуіне қамқорлық көрсетілуде. Өзара түсіністік, ұстамдылық әртүрлі ұлттар өкілдерінің рухани және мәдени құндылықтарына құрметпен қарау әдебі барлық этностарға ортақ жалпы халықтың идеалдар мен қасиеттерді қалыптастыру туралы видео ролик көрсетілді.

Іс шара соңында Мекеме бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары әділет пополковнигі Нуржанова Гулшат Ыкласовна келген қонақтарға алғыс айтып, мекеме  атынан қонақтарға алғыс хат табыс етті.

Мекемеде жазасын өтеушілер арасында әртүрлі ұлт өкілдері де кездеседі.Жалпы көптеген шаралар өткізіліп тұрғандықтан, әр ұлтқа бөлінбей бәрі бірлікте, ынтымақта іс атқарады. Бір-біріне деген сыйластық пен құрметтері ерекше, қатырм-қатынастары орнықты.

 №11 мекемесі

                                                                                  Еркегүл  Жеңісхан

«ZEREN photo fest»: кәсіби фототілшілер ЕҰУ студенттеріне шеберлік сабағын өткізді

17–18 қазан күндері Зерендіде дәстүрлі «ZEREN photo fest» фотофестивалі...

Цифрландыру жағдайындағы сот архиві

Қазіргі қоғам дамуының негізгі үрдістерінің бірі – қарқынды дамып келе жатқан цифрландыру үдерісі. Осыған байланысты соттарда электрондық сот ісін жүргізу енгізіліп, құжаттарды сақтау, есепке алу және пайдалану үдерістерін жетілдіру мақсатында электрондық архив...

ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ ҰСТАЗЫ – ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН

Ұлы ағартушының туғанына 185 жыл Қазақ халқының тарихында елдің рухани...

Государственная служба: новые правила, новые возможности

Новый Закон Республики Казахстан «О государственной службе» вступил в...

Призвание – спасать: кинолог Алмас Жандаулетов

 Кинологическим подразделением оперативно-спасательного отряда ДЧС Туркестанской области руководит Алмас...