Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті № 60 мекемесінде 8 наурыз — халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік шара ұйымдастырылды.
Шарада мекеме басшысы, әділет подполковнигі Мақсұт Өтегенұлы мекеме аруларын 8 наурыз — халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, мерекелік сый табыстады.
Бүгінгі таңда әйелдердің түрлі саладағы рөлі мен ықпалы кеңейіп келеді, олардың жетістіктері елдің барлық азаматтарын ынталандырады, жастар үшін жақсы үлгі болып табылады.
- Аяулы арулар, ардақты аналар! Қолдауларыңыз үшін, жүрек жылуы үшін, кез-келген өмірлік жағдайға қарамастан әдемі бола білгендеріңіз үшін рахмет. Уақыт пен ақыл — ой күшін аямай, отбасыңыз бен жақындарыңыз үшін жасаған барлық істеріңіз үшін рақмет, — деді мекеме басшысы.
Салтанатты жиын соңы мерекелік концертке ұласты.


