Өзбекстанда алимент төлемейтіндердің несие алу мүмкіндігі шектеледі 

2026 жылдың 1 мамырынан бастап Жарлыққа сәйкес, бұл шара балаларды және алимент тағайындалған өзге де тұлғаларды асырау бойынша міндеттемелерін орындаудан жалтаратын борышкерлерге ықпал етуді күшейтуге бағытталған.

Кейбір жағдайларда, егер борышкер қайтыс болса, қайтыс болды деп танылса немесе хабар-ошарсыз кетті деп есептелсе, іс жүргізу мемлекеттік орындаушының шешімімен тоқтатылады.

Сонымен қатар, атқарушы құжаттардың кейбір санаттары бойынша өндіріп алушылар іс мәжбүрлеп орындатуға берілгенге дейін мемлекеттік органдарға тікелей жүгіне алады.

Жарлықта проблемалық несиелер бойынша атқарушы құжаттар негізінде туындаған міндеттемелерді өндіруге байланысты іс-қимылдарды орындау мамандандырылған мемлекеттік орындаушыларға жүктелетіні де қарастырылған.

Еске салайық, бұған дейін Баварияда алимент төлеуден қашып, 3 жасар қызын уламақ болған әкенің соты басталғаны хабарланды. 

Күннің күрт жылынуына байланысты Солтүстік Қазақстандағы өзендер тасуы мүмкін – Қазгидромет 

Солтүстік Қазақстан облысында Ақмола облысының жоғарғы ағысынан келетін қатты толқындарға байланысты 3-5 сәуір аралығында Солтүстік Қазақстан облысының Ғ. Мүсірепов және Шал ақын аудандарында су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде. Бұл су тасып кетуіне және жолдарды су басуға әкелуі мүмкін.

Жер «қызыл аймаққа» өтті – БҰҰ есебі алаңдатты 

2026 жылғы наурызда жарияланған есепке сәйкес, климат жүйесіндегі өзгерістер қарқыны тарихи максимумға жеткен. Парниктік газдардың концентрациясы рекордтық деңгейге көтеріліп, мұхиттар жылуды бұрынғыдан да жылдам сіңіріп жатыр. Ал мұздықтар мен теңіз мұздары қарқынды түрде еріп барады.

Ақылы жолдан түскен қаржы қайда жұмсалады? 

Қазақстанда ақылы жолдардан түсетін қаржы көлемі жыл сайын артып келеді. Бұл қаражаттың қалай жұмсалатыны туралы "ҚазАвтоЖол» ҰҚ" АҚ Басқарма төрағасы Дархан Иманашев айтты.

ҚМДБ «әйелін шәкіртіне сыйға тартқан» имамға қатысты мәлімдеме жасады 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қоғамда резонанс тудырған «әйелін басқа ер адамға беруге болады» деген мазмұндағы пікірлерге қатысты мәлімдеме жасап, мұндай әрекеттердің шариғатқа қайшы екенін мәлімдеді.

Таяу Шығыстағы жағдай: Дубайға рейстер тағы тоқтатылды 

Ақтау – Дубай – Ақтау бағыты бойынша әуе рейстері кемінде 2026 жылғы 19 мамырға дейін орындалмайды. Рейстерді тоқтату мерзімі тағы бір айға ұзартылды.