Өз тіліңді құрметте!

Қазіргі заманда мемлекеттік тілді білуге, қастерлеуге талап күнде жоғарлап келеді. Мемелекттік қызмететкерлер ана тілінде сөйлеп, ана тілінде сауатты жаза білуге, өзге ұлт –өкілдеріне үлгі- өнеге көрсетуге тиісті.
Мемлекеттік тілде сот ісін жүргізу деңгейін көтеру бойынша 2022 жылғы 23 желтоқсанда өткен «Құқық жүйесіндегі қазақ тілінің мәселелері және оларды шешу жолдары» атты республикалық ғылыми- практикалық конференцияның қарарында жергілікті соттарға мемлекеттік тілде сот ісін жүргізудің бағыт-бағдары берілген болатын.
Осы ауқымды жұмысты құқық қорғау, адвокатура, нотариаттармен, заң
консультанттарымен және мемлекеттік органдармен бірлесіп атқару жолдары
да көрсетілген.
«Ұлттың сақталуына да, жойылуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы тіл»- деп ғұлама ғалым Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, еліміздің өркендеп дамуына бірден бір себеп ол- мемлекеттік тілімізді жетік меңгеруіміз.
Мемлекеттік тіл- тәуелсіз елдің негізгі рәсімдерінің бірі. Сол себепті қазақ тілін терең меңгеру әр қазақтың, Қазақстанда тұрып жатырған әрбір азаматтың қасиетті борышы. Ата-бабамыз ғасырлар бойы жасаған асыл мұраларын, игі істерін, салт-дәстүрлерін, өсиеттерін ұрпақтан-ұрпаққа тіл арқылы жеткізген. Сондықтан ана тілімізді білмей, ұлттық мәдениетті бойымызға сіңіріп жете меңгеру мүмкін емес. Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды.
Әр ұлттың тілі- оның бақыты мен тірегі. Мемлекеттік тіл мемлекетіміздің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын тіл болғандықтан, жүргізілетін барлық іс-қағаздары мен құжаттар мемлекеттік тілде болуы тиіс. Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз- тіліміз.
Тіл өлсе, ұлттың да өмір сүруі мүмкін емес. Сондықтан, сіз қай ұлттың өкілі болмаңыз, тіл үшін күресуге міндеттісіз.
Сол тілде сөйлейтін соңғы адам болсаңыз да, тіліңіз жайында аманат қалдыруға, мұра қалдыруға тырысуыңыз керек. Себебі сіздің тілде жазылған құнды тарихи деректер, кейінгі ұрпақ үшін үлкен маңызы зор.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты төрағасының 2009 жылдың 27 ақпанындағы «Іс қағаздарын мемлекеттік тілге көшіру туралы»№36 өкімі республикамыздың барлық соттарында қолданылады. Қазір іс-қағаздарын жүргізу номенклатурасына сәйкес жүргізілетін кітаптар, есептік карточкалар, сот тәжірибесінің талдаулары, жедел кеңес және семинар, сабақ хаттамалары, жоғары сатыдағы соттармен және басқа да мемлекеттік мекелермен хат алмасу тек мемлекеттік тілде жүргізіледі.
Тіл туралы заңнамамыздың қағаз жүзінде қалмай, өмірінде нық қадам басып, ғұмыры ұзақ, болашағы жарқын болуы үшін күресе білейік. Әр азамат өзінің ана тілін, көзінің қарашығындай қарауы және ана тілінің орынсыз шұбарлануына қарсы тұруға тиісті. Себебі-ана сүтімен дарыған тіл- ең басты байлығымыз.

Орал қаласының № 2 соты Әкімшісінің бас маманы Г.Беккалиева

«Кемел Тоқаев» ордені: Қайрат Закирьянов ерекше марапатқа ие болды

2026 жылғы 20 наурызда Алматы қаласында орналасқан Қазақ спорт...

Тұңғыш Президент саябағында Наурызды бірге қарсы алайық!

Алматы қаласының тұрғындарымен қонақтары, сіздерді 21-ші Наурыз 13:00-де Бостандық...

Казахстан обошёл Францию и Сингапур в мировом рейтинге счастья 

Страна показала высокие результаты в доверии и взаимопомощи. Казахстан занял...

Қазақстан Франция мен Сингапурды басып озып, әлемдік бақыт рейтингінде алға шықты

Қазақстан World Happiness Report 2025 рейтингінде 33-орынға тұрақтап, Францияны...

Әдеп жөніңдегі уәкілдің профилактикалық іс-шарасы

Ағымдағы жылдың 18 наурыз айында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...