ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТКІЗІЛДІ

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мекемесінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қызметкерлердің төтенше жағдай кезіндегі шұғыл әрекет ету дағдыларын жетілдіру мақсатында оқу-жаттығу өткізілді.
Оқу-жаттығуды №68 мекемесінің Режим және күзет бөлімінің ведомстволық өрт күзеті инспекторы, әділет кіші лейтенанты Дүкенбаев Қуаныш Дүкенбайұлы ұйымдастырып, №2 өрт сөндіру бөлімін шақырды.
Жаттығу барысында өрт болған жағдайда мекеме қызметкерлерінің жедел әрекет етуі, өрт сөндіру бөлімдерімен өзара іс-қимыл жасауы және қауіпсіздік шараларын сақтау тәртібі пысықталды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау деңгейін арттыру және төтенше жағдай туындаған кезде қызметкерлердің шұғыл әрі дұрыс әрекет етуіне дағдыландыру.
Мұндай оқу-жаттығулар мекемеде қауіпсіздік шараларын күшейтіп, қызметкерлердің төтенше жағдайларға дайындық деңгейін арттыруға бағытталған.

ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ – ҰЛЫ ПАРЫЗ

5 қазан – Ұстаздар күні мерекесіне орай Қызылорда облысы...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРА

Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлықпен күрес – қоғамның тұрақты дамуы...

Алқабилер құрамын жасақтаудың одан әрі жетілдіру мүмкіншіліктері

Сот төрелігін одан әрі жетілдіру, сот жүйесінің институционалдық тұрақтылығын...

Ыбырай Алтынсарин – білімнің шамшырағы

20 қазан – қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушысы, қоғам...

Задержали зарплату: куда обращаться?

СВОЕВРЕМЕННАЯ И ПОЛНАЯ ВЫПЛАТА ЗАРАБОТНОЙ ПЛАТЫ ПРЕДСТАВЛЯЕТ СОБОЙ НЕ...