Жамбыл облыстық сотының бастамасымен және Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен бірлесе мен «Анаға тағзым» отбасын қолдау орталығы ғимаратында «Өнегелі отбасы – қоғам көркі» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді.
«Дөңгелек үстел» жұмысына Жамбыл облыстық сотының төрағасы Е.С.Қосмұратов пен Жамбыл облысы әкімі Е.Ш.Қарашөкеев қатысты.
Жамбыл облысы статистикасына сәйкес:
- 2024 жылы Жамбыл облысында 4441 неке тіркелсе, сол жылы 491 неке АХАТ органдарымен бұзылса, сот тәртібімен 1942 неке тоқтатылған, барлығы – 2433 неке. Яғни тіркелген некелерге бұзылған некелер арақатынасын пайыздық көрсеткішпен сипаттасақ – 54,7%;
- 2025 жылды алсақ, 5528 неке тіркелген, 2024-жылмен салыстырғанда өсім байқалады, алайда 689 неке АХАТ органдарымен және 2137 неке соттармен бұзылған, барлығы – 2826 неке. Яғни тіркелген некелерге бұзылған некелер арақатынасын пайыздық көрсеткішпен сипаттасақ – 51,1%;
- 2026 жылдың 4 айының қорытындысына көз жүгіртсек, 1453 неке тіркелген, ал 225 неке АХАТ органдарымен және 615 неке соттармен бұзылған, барлығы – 840 неке. Яғни тіркелген некелерге бұзылған некелер арақатынасын пайыздық көрсеткішпен сипаттасақ – 57,8%.
Іс-шара барысында төмендегі тақырыптағы баяндамалар тыңдалды:
— «Домашнее насилие в отношении женщин и несовершеннолетних как социально-правовое последствие увеличения бракоразводных процессов» (М.Х.Дулати атындағы университеттің «Азаматтық құқық және іс жүргізу» кафедрасының доценті м.а. С.С.Суркова);
- «Орталықта өмірлік қиын жағдайға ұшыраған отбасыларға көмек көрсету бойынша жұмыстар бағытына шолу» (Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысының у.м.а Самат Болатұлы Төрегелдиев.);
- «Отбасыларға психологиялық көмек көрсету мәселелері» (Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Облыстық психологиялық қолдау орталығы» директоры Ә.Қ.Исмаилова).
«Дөңгелек үстел» отырысына сот корпусы өкілдерімен қатар жергілікті атқарушы билік органдары, оларға қарасты мекемелер басшылары, зиялы қауым өкілдері, адам құқықтары жөніндегі уәкілдер, ақсақалдар кеңесінің мүшелері, әділет органдары, ғалымдар, үкіметтік емес ұйым өкілдері, адвокаттар қауымы, БАҚ өкілдері, тағы басқа мүдделі тұлғалар қатысып, пікірлерін ортаға салды.
Жамбыл облыстық сотының төрағасы Е.С.Қосмұратов өз кіріспе сөзінде:
- «Дана халқымыз ықылым заманнан бері отбасы институтына ерекше көңіл бөлген. «Отан отбасынан басталады» деген қанатты сөз бала кезден әрқайсымыздың жадымызда. Отбасы шынында шағын мемлекет. Оның іргетасының шайқалуы тұтас мемлекет пен қоғамның құлдырауына алып келетіні баршамызға аян. Өйткені бақытты отбасы – бақытты қоғамның негізі. «Отбасының жылуы – өмірдің шуағы» дейді дана халқымыз. «Отбасы – адамның тамыры. Тамыры терең ағаш қана дауылға құламайды» деген сөз де бар.
Ортаға салып отырған мәселеміз сырт көзге тым қарапайым, маңызы төмен болып көрінгенмен ұлт саулығы тұрғысынан өзектілігі жоғары деп ойлаймын, сондықтан ашық пікір алмасуға шақырамын», – деді.
Іс-шара барысында қатысушылармен отбасы институтының мәселелері талқыланып, қазіргі таңда кең етек алған ерлі-зайыптылардың неке бұзу себептері анықталып, оны алдын-алу жолдары ұсынылып, сондай-ақ Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты мен «Анаға тағзым» отбасын қолдау орталығы арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
«Дөңгелек үстел»-ді қорытындылай келе, қатысушылар балалардың құқығын қорғау, отбасы институтын нығайту және әрбір баланың толыққанды өсуі үшін отбасы ынтымағының маңызды екені айтылып, осындай іс-шаралардың тұрақты түрде өтуі қоғамдағы келеңсіз жағдайлардың алдын-алуына септігін тигізеді деген шешімге келді.
Өз тілшіміз


