12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Өмірі – өнеге

Сұлтан Сартайұлы 1927 жылы 15 қазанда Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Заң ғылымдарының докторы,  профессор,  Ұлттық ғылым академиясының академигі.

Әр дәуірдің, әр ұрпақтың жадына сирек кездесетін болмыс-бітімімен, қайталанбас мінезімен жазылатын адамдар болады. Ғылым, білім, заң саласында өзінің дарынымен ерекше көзге түсіп, бойындағы ізгі қасиеттерін ұлттың іргелі істеріне жұмсаған Сұлтан Сартаевтай зерделі  ғалымды әріптестері құрметтеп, қадірлеген. С.Сартаев – сегіз қырлы, бір сырлы тұлға. Тұла бойынан тазалық пен адалдықтың лебі есетін, парасат биігіне көтерілген, болмыс-бітімі бөлек Сұлтан  ағамыз бірегей тұлға еді.

Сұлтан Сартайұлының 500-ден астам ғылыми еңбегі жарық көрді, оның ішінде «Қазақ кеңестік мемлекетінің қалыптасуы», «Кеңестік Қазақстанның мемлекет және құқық тарихы», «Одақтас республикалардың ұлттық мемлекеттілігі», «Қазақ КСР мемлекеттік билігінің жоғарғы өкiлдiк органы», «Қазақ КСР-ның мемлекет және құқық тарихы» , «Еңбек ұжымдарының құқықтық мәртебесі», «Қазақстанның мемлекет және құқық тарихы бойынша материалдар», «Ш.Уәлихановтың мемлекеттік-құқықтық көзқарастары», «Ар мен дар алдындағы сөз», « Қазақстан Республикасы Конституциясының қалыптасуы» т.б ғылыми еңбектерін атап өтуге болады. 

Сұлтан Сартайұлының ғылыми-оқытушылық қызметін ерекше атап өтуге болады. Ол кісінің ғылыми жетекшілігінің көмегімен көптеген заң ғылымдарының докторы мен кандидаттары бүгінде мемлекеттік органдарда және жоғары оқу орындарында абыроймен қызмет атқаруда. Сондай-ақ көрші Қырғызстан мен Өзбекстан мемлекеттерінің білім ордаларында диссертациялық кеңестердің белді мүшесі болып, сол мемлекеттердің ғылым саласына заңгерлер мектебінің негізін нығайтуға үлес қосып, мықты шәкірттер шоғырын қалыптастырды. Өзі көп жылдар бойы еңбек еткен заң факультетінің оқытушы-профессорлық құрамы, ұлы ұстаздың тәлім-тәрбиесін жалғастыруды азаматтық парыз деп санайды..

Сұлтан Сартайұлы өзінің бар ғұмырын қазақ елінің ғылымына, заңдық негіздің нығаюына, құқықтық мемлекетті қалыптастыруға, ел мен жер мүддесін қорғауға арнады. Ғалымның еңбегі мен өмір жолы көпке өнеге. Ол кісі шын мәнінде кісілік пен даналықтың үлгісінде, әділдіктің таразысындай абыз ақсақалымыз болатын. Адамгершілік қасиеттері мол, абзал азаматтың елге сіңірген еңбегі мен жарқын дидары халқымыздың әрдайым жүрегінде сақталады.

Н.Мынбатырова,

Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы,

конституциялық және әкімшілік құқық

кафедрасының қауымдастырылған профессоры

Конституция қоғамның ортақ құндылықтары мен жауапкершілігін айқындайды – Аида Балаева

Бүгінде Мемлекет басшысының ел дамуының стратегиялық бағдарына негізделген саяси...

Әділ еңбек, қауіпсіз жұмыс, лайықты жалақы: Максим Рожин жаңа Конституцияның маңызды тұсын атады

Жаңа Конституцияның нормалары өндіріс орындарындағы адамдар үшін нақты, өмірлік...

Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Мәжіліс депутаты, «Ұлттық...

Қазақстан азаматтары қос немесе көп азаматтық ала алмайды: жаңа Конституцияның жобасына нақтылау енгізілді

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын...