Өңдеу өнеркәсібі – Шымкент экономикасының негізгі драйвері

Соңғы үш жылда Шымкентте 150 млрд теңгенің 40 индустриялық жобасы іске қосылып, 2,5 мыңнан астам жұмыс орны ашылған. Биыл іске қосылған ең ірі жобалардың қатарында ірі өндіріс орындары да бар. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында есеп берген Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков баяндады.

 QazAlpack – жылына 2,2 млрд дана алюминий құты шығаратын өндіріс,  Sauran Bricks – 300 мың м³ газдалған бетон өндіретін жаңа зауыт. Инвестор қызығушылығын арттыру үшін қалада екі жаңа индустриялық аймақ салынып, тағы үш аймақ кеңейтілген. Алдағы жылдары бұл аймақтарда 900 млрд теңгенің 300 жобасы жүзеге асырылып, 13 мың жаңа жұмыс орны құрылмақ.

Ірі инвестициялар жылыжайлар, мұнай-химия, қалдықты энергияға айналдыру жобасына бағытталып отыр. Соңғы үш жылда Шымкентке 2 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды. Әкімдік әзірлеген жаңа пулда 4,6 трлн теңгенің 221 жобасы бар. Ең ірі жобалардың бірі – Alsera KZ түрік компаниясының 650 гектар аумақтағы алып жылыжай кешені. Бүгінде оның алғашқы 42 гектары өнім бере бастады. Ал еліміздегі үш мұнай өңдеу зауытының бірі – Шымкент МӨЗ 2030 жылға дейін қуатын 6 млн тоннадан 12 млн тоннаға дейін арттырғалы отыр.

     Шымкентте шағын және орта бизнес – экономиканың негізгі қозғаушы күші. Белсенді кәсіпкерлік субъектілері 128 мыңнан 141 мыңға өсті. Биыл кәсіпкерлердің 1971 жобасы мемлекеттік қолдауға ие болды. Кәсіпкерлерге арналған 45 мың м² өндірістік алаң– «Промпарк» жобасы аяқталып, онда 50 шағын өндіріс орналасты. Осының арқасында тұрғындарды  жұмыспен қамтуды да ілгерілеушілік бар. Мәселен, биыл  34 мың адам тұрақты жұмыс тапты. 

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...