12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Өңдеу өнеркәсібі: 147 жоба іске асырылып, 18 мыңнан астам жұмыс орны құрылды

Елімізде өңдеу өнеркәсібіндегі өсім биыл да жалғасын тапты. Он айдың қорытындысы бойынша металлургия саласында 0,7%, машина жасау саласында 11,5%, химия өнеркәсібінде 10,9%, құрылыс материалдары өндірісінде 5,3% өсім байқалды. Нәтижесінде өндіріс көлемі 24 трлн теңгеден асып, 5,8%-ға өсті.

Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында өңдеу өнеркәсібіне жаңа серпін беру керектігін атап өткені белгілі.

«Экономиканы әртараптандыруды тың қарқынмен жалғастыру керек. Ішкі және сыртқы нарықта бәсекеге қабілетті, терең өңделген өнім шығаруға басымдық берілуі тиіс», — деді Президент.

Үкімет осы бағытта бірқатар ірі жобаларды іске асырып жатыр. Сонымен қатар саланы цифрландыруда да нақты нәтижелер бар.

Атап айтқанда, биылғы он айдың қорытындысы бойынша өндіріс көлемі 24 трлн теңгеден асып, 5,8%-ға өсті.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, саланың дамуына іске қосылған жобалар айрықша ықпал еткен көрінеді. Жыл соңына дейін 1,5 трлн теңгеге 190 жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Ал бүгінгі күнге дейін 147 жоба жүзеге асырылып, 18 мыңнан астам жұмыс орны құрылған.

«Олардың қатарында қытайлық Chery, Changan, Haval, Tank брендтерінің жеңіл автокөліктерін шығаратын, тамақ өнеркәсібіне арналған алюминийден жасалған қаптамалар, тұрмыстық техника, болат құбырлар және тоқыма материалдарын өндіретін ірі жобаларды атап өтуге болады. Жаңа өндірістерді қолдауда мемлекеттік даму институттарының рөлі зор екенін атап өткен жөн. 2022 жылдан бастап, жеңілдетілген несиемен  116 жоба қаржыландырылды. Бұл мақсатқа бюджеттен 500 млрд теңгеден астам қаражат бөлініп, ол нарықтан тартылған қаражатпен микшерлеу арқылы 700 млрд теңгеге дейін артты. Нәтижесінде радиаторлар, автокомпоненттер, шұлық бұйымдары, лак-бояу және геосинтетикалық материалдар өндірістері іске қосылды», – деді Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев.

Сондай-ақ Министр ішкі өңдеуді дамытуға ықпал ететін тиімді шаралардың бірі – кәсіпорындарға шикізатты жеңілдікпен ұсыну туралы айтты.

Ірі өндірушілер алдымен ішкі нарықты шикізатпен қамтамасыз етіп, содан кейін ғана экспортқа лицензия алады. Қазірде бұл механизм мыс, алюминий және мырыш металдарына қолданылып жатыр.

Саланы цифрландыру да – күн тәртібіндегі негізгі мәселенің бірі. Бұл жұмыс қазір негізгі екі бағыт бойынша іске асырылып жатыр. Біріншісі – өндірістің цифрлық трансформациясы. Бұл бағыт өндіріске тікелей цифрлық шешімдерді енгізуді қамтиды. «Өткен жылдың қорытындысы бойынша цифрлық технологияларды енгізген кәсіпорындардың үлесі 12,9%-дан 19,2%-ға өсіп, саны 390-нан 1 073-ке дейін өсті», – дейді министр.

Министрліктің хабарлауынша, тау-кен металлургия саласында роботтардың виртуалды көшірмелері, өндіріс алаңдарынан жиналған үлкен деректерді өңдеу, компьютерлік көру технологиялары және роботтанған жабдықтар қолданылады. Химия өнеркәсібінде ресурстарды жоспарлау жүйелері, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету құралдары белсенді енгізілуде. Машина жасауда  виртуалды оқыту жүйелері, бөлшектерді 3D-сканерлеу және жасанды интеллект технологиялары қолданылады.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жасанды интеллект технологияларын енгізудің Жол картасы әзірленген. Осы Жол картасының шеңберінде «СарыарқаАвтоПром», «Қазфосфат», «Qarmet», «Қазцинк», ERG сияқты ірі кәсіпорындарда 41 жоба жүзеге асырылып жатыр.

Цифрландырудың екінші бағыты  мемлекеттік реттеу мен қолдау құралдарын қамтиды. Ол мемлекеттік қолдау шараларын автоматтандыру мен жүйелеуді, мониторинг пен бақылауды қамтамасыз ету, сондай-ақ бизнесті қолайлы цифрлық сервистермен қамтамасыз етуді көздейді.

Қазір деректерді жинауды, сақтауды және талдауды, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен кәсіпорындар арасындағы ақпараттық өзара әрекеттесуді қамтамасыз ететін Өнеркәсіптің ұлттық ақпараттық цифрлық экожүйесі қалыптастырылу үстінде. Жүйенің негізгі компоненттері кезеңмен іске қосылады.

Сондай-ақ, жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алу қызметін талдауға мүмкіндік беретін Tizilim ақпараттық жүйесі жұмыс істейді. Онда 6 мыңнан астам тапсырыс беруші мен 900 отандық өнім өндіруші тіркелген. Сондай-ақ, келесі жылдан бастап мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін Отандық тауар өндірушілерінің реестрі пайдалануға беріледі екен.

Технология өндірісті қалай өзгертіп жатыр?

Қазақстан экономикасының басты тіректерінің бірі – өнеркәсіп. Елде бұл...

Инструмент противодействия манипуляциям и фейкам

Казахстанские ученые создали мобильный ресурс для борьбы с дезинформацией. Интерактивный...

Ұлттық білім мен ғылымның көшбасшысы

   Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті-еліміздің жоғары білім беру...

Как меняется культура потребления: от дефицита к цифровой эпохе

Культура потребления всегда отражает то, как живёт общество. Вещи,...

Журналистика: контент или трафик? 

В АЛМАТЫ СОСТОЯЛСЯ ЕЖЕГОДНЫЙ XVII РЕСПУБЛИКАНСКИЙ «MEDIA ҚҰРЫЛТАЙ 2025»...