Бүгін Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында БАҚ өкілдері үшін 2023 жылғы Атырау облысы соттарының жұмыс қорытындысы бойынша брифинг өтті.
Брифингке азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Мәтен Ерғазиев, әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Анаргүл Салихова, қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Айгүл Калимукашева қатысты.

Сондай-ақ, брифингке облыстың қалалық және мамандандырылған соттардың төрағалары қатысты.
Азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Мәтен Ерғазиев облыс соттарының сот төрелігін жүзеге асыру қорытындылары туралы хабардар етіп, 2023 жылы облыс соттарымен 14 266 азаматтық іс қаралып, оның ішінде 8 204 іс бойынша шешім шығарылғанын атап өтті.
Татуластыру рәсімдерімен аяқталған азаматтық істер саны 1 918 істі құрады.
Апелляциялық тәртіпте 1228 іс қаралды. Азаматтық істер бойынша облыс соттарымен 119 жеке ұйғарым шығарылды.
Спикер облыс соттарына келіп түскен талап қоюлар санының және татуластыру рәсімдерін қолданумен аяқталған істер санының артқанын атап өтті.
Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Анаргүл Салихова әкімшілік істер бойынша талап қою арыздары санының артқанын атап өтіп, есепті кезеңде облыс соттарымен 939 әкімшілік іс қаралып, оның ішінде шешім шығарумен 336 іс қаралғанын айтты. Қанағаттандырылғаны – 221 (65,8%), қанағаттандырудан бас тартылғаны — 115 (34,2%).
Апелляциялық алқамен 323 әкімшілік іс қаралды. Татуластыру рәсімімен 121 әкімшілік іс қаралды (12%).
Әкімшілік істерді қарау нәтижесі бойынша 41 ақшалай өндіріп алу қолданылып, 42 жеке ұйғарым шығарылды.
Атырау облыстық сотының судьясы Айгүл Калимукашева қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру сапасы туралы хабардар етті.
Спикер соттарға келіп түскен, аяқталған қылмыстық істердің, бас бостандығынан айыруға сотталған тұлғалар санының, ақтау үкімдерінің, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер санының артқанын атап өтті.
2023 жылдың 12 айында облыс соттарымен 1 556 тұлғаға қатысты 1 239 қылмыстық іс қаралды, оның ішінде 1 083 тұлғаға қатысты 847 іс үкім шығарумен аяқталып, 1 043 тұлға сотталды, 40 тұлға ақталды. Медиатордың қатысуымен 26 қылмыстық іс қаралды.
Есепті кезеңде 21 адамға қатысты 1 іс алқабилердің қатысуымен қаралды.
Апелляцияда 339 тұлғаға қатысты 245 іс қаралды.
Облыс соттарымен 17 092 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды. Медиацияны қолданумен 1 573 іс қаралды. Апелляциялық сатыда 354 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Брифинг соңында сот жүйесінің өкілдері журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі


