12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Өрт болған жағдайдағы алғашқы іс-қимыл пысықталды

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №60 мекемесінің тоқсандық жоспарына сәйкес, ТЖД-нің өрт сөндіру қызметі қызметкерлері мен мекеме қызметкерлері бірлесіп «Мекемеде кенеттен өрт шыққан жағдайда мекеме қызметкерлерінің алғашқы іс-қимылдары» тақырыбында кенеттен тыс өрт шыққан жағдайда жеке құрамның алғашқы іс-әрекеттерін пысықтау мақсатында мекеменің өндірістік аймағында орналасқан РМК Еңбек-Қызылорда ЖК «Азамат» қыш заводының аумағында арнайы оқу-жаттығу өткізілді.
Жаттығудың мақсаты мекемеде кенеттен тыс өрт болған жағдайда мекеме қызметкерлерінің алғашқы іс-әрекеттерін пысықтау, топ басшыларын тез арада шешім қабылдап, уақытылы тапсырма беріліп, тапсырманың орындалуын ұйымдастыру. Жеке құрамға практикалық түрде атқаратын іс-қимылды көрсету болып табылады.

Бірлескен оқу-жаттығу жұмысы барысында №6 өрт сөндіру бөлімінен 4 қызметкер 1 техникасымен өрт сөндіру тактикасы бойынша ҚАЖД №60 мекемесінің ерікті өрт сөндірушілерімен жаттығу өткізді. Аталған жаттығу бойынша 1 адам құтқарылып, өрт толығымен сөндірілді,- деді Қызылорда қалалық №6 өрт сөндіру бөлімінің қызметкері Калмаханов Канат.

Жаттығуға мекеме бастығы тарапынан оң баға беріліп, оқу-жаттығу барысын тоқсан сайын қайталап отыру тапсырылды.

Сот тәртібімен банкрот деп тану ерекшеліктері

Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы...

Судьялыққа адал қызметтің айшықты үлгісі

  Биыл Қазақстан Республикасының сот жүйесінде абыройлы еңбек етіп,...

Код рода: возвращение к корням

ЕСЛИ БЫТЬ ЧЕСТНЫМ, КАЗАХСКИЙ НАРОД НИКОГДА НЕ РАССМАТРИВАЛ РОДСТВО...

Итоги работы Кассационного суда по гражданским делам

С 1 июля 2025 года в Казахстане начал работу...