12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Өмірде қате басып, сүрінген жандардың өз ортасын табу

Пробация қызметінің мақсаты – шартты түрде бас бостандығынан айырылған азаматтарға әлеуметтік-құқықтық қызмет көрсету. Бұл бағытта өңір бойынша үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық қорлар ауқымды істер атқарып келеді. Мәселен, «Рахым»  әлеуметтік көмек көрсету орталығы түзету мекемелерінен босаған азаматтарды жұмыспен қамту және қоғамға бейімдеу,  жазасын өтеп шыққан жандарға құқықтық, психологиялық және әлеуметтік   қолдау көрсету, жұмысшы мамандықтар бойынша оқыту және біліктілігін жетілдіру бағдарламаларын жүзеге асыру арқылы қоғам өміріне кіріктіру әрі өмірлік қағидасы мен құндылықтарын қайта қарауға көмектесу бағытында бірнеше жобаларды сәтті жүзеге асырды. Сотталған азаматтар ағымдағы жылдың шілде айының 26 жұлдызында «Рахым» әлеуметтік орталығы қызметкерлерінің кәсіби кеңесіне жүгіне отырып, алдағы уақытта  құқықтық, психологиялық және   кәсіптік тренингтер мен семинарлар ұйымдастырылатыны, жазасын өтеп шыққандарға арнайы сертификаттар табысталатыны» жоспарланып жатқанын атап өтті «Рахым» басшысы Б.Шерәлиева, жазасын өтеп келгендердің қоғамнан өз орнын табуына, аяқтан тұрып кетуіне көпшілік болып үлес қосу қажеттігін тілге тиек етті. Заңнамадағы толықтырулар бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан және пробация қызметінің есебінде тіркеуде тұрған адамдарға мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер және азаматтар тарапынан қылмыстың қайталануына ықпал ететін факторлардың алдын алу және оларды қысқартуға бағытталған әлеуметтік-құқықтық қызметтер көрсету мүмкіндіктерінің кешенді жүзеге асырылу механизмін жаңғырту мен дамытуда басты рөл ойнайтындығын айтты. – Өмірде қате басып, сүрінген жандардың өз ортасын табуында, осылайша мемлекеттің саналы азаматы болып қалыптасуына қолдау қажет. Сондықтан, оларды қайта дайындау, оқыту, үшін кәсіпкерлік тұрғыда көмектесу қажет. Оларға білім алуға, мамандық игеруге, жұмыспен қамтылуына, емделуге, сондай-ақ құқықтық көмек көрсетуге жәрдемдесу  пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды әлеуметтік оңалтудың негізгі механизмі  болып табылады. Сонымен қатар, қазіргі таңда шешілмей жатқан сұрақтардың бірі- ол, Медеу аудандық пробация қызметінде есепте тұрған сотталғандардың есеп шоттары бұғатталған, бұл өзекті мәселе болып табылады, яғни оның белсендігін тоқтатып, ресми түрде жұмысқа орналастыруына бөгет болады. Қазіргі таңда осы өзекті мәселені заңдастыру бойынша бір қатар іс-шаралар жоспарланып іске асырылуда деп атап өтті «Рахым» әлеуметтік қорының басшысы.

Медеу аудандық пробация қызметі   

Әдеп кодексінің талаптарын сақтау міндет

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік қызметшілерге қатаң талап пен жауапкершілік жүктейді. Мемлекеттік қызметкерлердің әдеп кодексінің талаптарын, сондай-ақ, заңмен белгіленген...

Самый ценный ресурс – здоровье граждан

Парк службы скорой медицинской помощи г. Шымкента пополнился 30...

Личное поручительство в уголовном процессе

В целях обеспечения необходимых условий для успешного расследования и...

Искусственный интеллект и право

ИСКУССТВЕННЫЙ ИНТЕЛЛЕКТ АКТИВНО ВНЕДРЯЕТСЯ В РАЗЛИЧНЫЕ СФЕРЫ ЧЕЛОВЕЧЕСКОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ,...

Еріктілер кеңесі мүшелері ауладағы қар тазалау акциясына қатысты

«Еріктілер кеңесі» — Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің ұйымдастыруымен құрылған...