12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Өзбекстан жыл соңына дейін туристер санын 9 млн-ға жеткізбек

Өзбекстанның  жаңадан құрылған мемлекеттік әуе компаниясы қараша айында Түркістаннан-Сарархандқа  алғашқы әуе рейсін  ашады. Алдағы уақытта олар сондай-ақ Алматы-Ташкент және Астана-Ташкент бағытында да жаңа рейстерін ашуды жоспарлап отыр. Бұл Өзбекстан Республикасының  Алматы қаласындағы Бас консулы Абдурахим Каюмовтың қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдары мен туристік компания өкілдерімен өткізген кездесуінде айтылды.

Бас консулдың айтуынша, 2022 жылы Өзбекстанға 6 млн астам турист келген.  Биыл 9 айда оның саны 5 млн-нан асып отыр. Олардың 1558 300-і Тәжікстаннан, 1 229 000-ы Қырғызстаннан, 1 077 956-ы Қазақстаннан, 62 мыңы Түрікменстаннан, 18 мыңы АҚШ-тан, 14,5 мыңы Франциядан, 12,5 мыңы Ұлыбританиядан.  Өзбекстанның Туризм және мәдениет министрлігі жыл соңына дейін шетелдік туристер саны 8-9 млн адамға жетеді деп жоспарлап отыр.

Бұған дейін Өзбекстан Президенті туристер санын арттыру жөнінде кеңесте  көрші елдердің әлеуеті зор екенін атап өткен болатын. Онда Шавкат Мирзиеев мәдени шараларды көбейту, фильмдер түсіру, туристік орындарда тазалықты қамтамасыз ету, сыпайылықты насихаттауды тапсырды. Атап айтқанда облыс әкімдеріне Мәдениет министрлігімен бірлесіп айына бір рет ірі мәдени шаралар өткізуді тапсырды. Көркем, телехикаялар мен деректі фильмдердің шетелдіктердің  қызығушылығын арттырудағы әлеуетін ескеріп Кинематография агенттігіне Өзбекстан тарихы туралы кемінде 50 көркем, деректі және музыкалық фильмдер түсіру бағдарламасын әзірлеу тапсырылды. Сондай-ақ, туристік нысандардағы санитарлық және тазалық мәселелеріне, сондай-ақ қонақүй және мейрамхана бизнесіне шетелдік мамандарды тарта отырып, кадрларды даярлауға баса назар аудару қажеттігін де атап өтті.  Мәселен, Өзбекстанға сегіз айда келген 4,3 миллион шетелдік туристен  түскен кіріс 1,4 миллиард АҚШ долларын құраған.

Егер Қазақстанда биығыл 9 айда шетелден келген туристер 1 млн-ға ғана жуықтағанын, ал оның саны 2022 жылы 610 мың, 2021 жылы 208,5 мың адамды ғана құрағанын ескерсек көрші елдің оң тәжірибесі бізге де артық болмасы анық. Өйткені әлемдік тәжірибе бойынша  туризм саласындағы ашылған әрбір жаңа жұмыс орны қосымша  20-25 жұмыс орнының құрылуына ықпал етеді.

           Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ «Заң газеті»

Абай тойының интеллектуалды шымылдығы – «Abai akademiasy»

Абай облысында Абайдың 180 жылдығына арналған онкүндік мерейтойлық шаралар...

Мойынқұмда табиғатты сүю – тәрбие бастауына айналды

Жасыл желекке оранған табиғат — адамзаттың алтын бесігі. Ал...

ПАТРИОТИЗМ – ҰЛТ ТІРЕГІ

Бүгінгі қоғамда патриотизм ұғымы түрлі мағынада қолданылып жүр. Бірі...

Жетісуда атақты қобызшы Молықбай Байсақұлына алып ескерткіш орнатылмақ

Ақсуда атақты қобызшы Молықбай баба аруағына алып ескерткіш орнатылмақ....