12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ӘСКЕРИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ, СЕНІМДІ СЕРІКТЕСТІК

2025 жыл Қазақстан Республикасының қорғаныс саласындағы халықаралық байланыстары үшін ерекше маңызды кезеңге айналды. Әсіресе, Каспий өңірінде бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы әскери ынтымақтастық елеулі қарқын алды.

Биыл көктемде Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов ресми сапармен Баку қаласына барды. Сапар аясында Əзірбайжан Республикасының Қорғаныс министрі Закир Гасановпен кездесіп, екі ел арасындағы 2025 жылға арналған əскери ынтымақтастық жоспарына қол қойылды. Бұл құжатқа сəйкес, тараптар 30-дан астам бірлескен іс-шара өткізуге келісті. Оның ішінде командалық-штабтық жаттығулар, əскери білім беру саласындағы ынтымақтастық, офицерлерді кəсіби даярлау, сондай-ақ əскери-теңіз бағытындағы өзара тəжірибе алмасу көзделген. Аталған жоспардың нақты жүзеге асуының көрінісі – 2025 жылдың маусым айында Ақтау қаласында өткен «Каспий самалы – 2025» əскери-теңіз оқу-жаттығуы болды. Жаттығуға Қазақстан мен Əзірбайжанның əскери-теңіз күштерімен қатар, шекара қызметі жəне арнайы мақсаттағы бөлімшелер қатысты. Іс-шара барысында жағалаудағы стратегиялық нысандарды қорғау, тактикалық маневрлер орындау, теңізде өзара іс-қимылды үйлестіру, іздестіру-құтқару операцияларын жүргізу тəжірибелері пысықталды. ҚР Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, жаттығу Каспий теңізіндегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған. Оқу-жаттығу нəтижесінде екі елдің əскери құрылымдары арасында өзара үйлесімді əрекет ету дағдылары жетілдірілді. Жиын аясында флот құрылымдарының тактикалық машықтары ғана емес, ақпарат алмасу мен бірлескен басқару элементтері де сыналды. Ал 2025 жылдың шілде айында Əзірбайжан аумағында екі елдің əскери бөлімшелері қатысқан «Тарлан – 2025» бірлескен оқу-жаттығуы өтті. Бұл іс-шарада құрлықтағы тактикалық əрекеттер, ұшқышсыз басқарылатын құралдарды пайдалану, əуе жəне артиллериялық қолдау сияқты бағыттар бойынша бірлескен дайындық жүргізілді. ҚР Қорғаныс министрлігінің дерегінше, жаттығу Қазақстан мен Əзірбайжан Қарулы күштері арасындағы сенімді əріптестікті нығайтуға жəне заманауи əскери технологияларды меңгеру қабілетін арттыруға мүмкіндік берді. Қазақстан мен Əзірбайжан арасындағы ынтымақтастық əскери білім беру саласында да жалғасуда. Қос тарап кадрлық əлеуетті дамыту, офицерлерді даярлау жəне тəжірибе алмасу бағытында бірлескен жобалар əзірлеуде. Бұл – екі мемлекеттің қорғаныс құрылымдары арасындағы ұзақмерзімді сенім мен əріптестіктің айғағы. Каспий өңірі – геосаяси маңызы жоғары аймақ. Энергетикалық инфрақұрылым, сауда жолдары мен стратегиялық нысандар шоғырланған бұл өңірдегі тұрақтылық – Қазақстан үшін басым бағыттардың бірі. Сондықтан мұндай əскери серіктестіктер елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Қазақстан мен Əзірбайжан арасындағы қорғаныс саласындағы байланыс бейбіт саясатты ұстана отырып, өзара қолдауға негізделген тұрақты əрі нақты əрекеттермен нығайып келеді. Бұл бағыттағы бірлескен қадамдар Каспий өңірінде қауіпсіздік пен сенімнің берік іргетасын қалыптастыруда.

Аружан МАУЛЕНБАЙ, «Заң газеті»

Мойынқұмда табиғатты сүю – тәрбие бастауына айналды

Жасыл желекке оранған табиғат — адамзаттың алтын бесігі. Ал...

ПАТРИОТИЗМ – ҰЛТ ТІРЕГІ

Бүгінгі қоғамда патриотизм ұғымы түрлі мағынада қолданылып жүр. Бірі...

Жетісуда атақты қобызшы Молықбай Байсақұлына алып ескерткіш орнатылмақ

Ақсуда атақты қобызшы Молықбай баба аруағына алып ескерткіш орнатылмақ....

ҒАСЫРЛАРҒА ЖАЛҒАСҚАН РУХАНИ ӨЗЕК

Қазақ халқы – сан ғасырлық тарихы мен терең руханияты...