12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Әрбір күніміз алғысқа толы болсын!

Қазақстандықтар үшін көктемнің алғашқы күні – 1-наурыздың орны бөлек. Олай дейтінім,  бұл күн біз үшін ұлы күн, яғни, алғыс айту, мейірім күні. Оның тарихы Қазақстан халқы ассамблеясының  құрылуымен тығыз байланысты. Тұңғыш Президенттің бастамасымен енген мереке мемлекетімізде 2016 жылдан бері ресми түрде аталып келеді.

Алғыс айту күні еліміздегі өзге ұлт өкілдерінің қазақ халқына, қазақ жеріне ризашылық сезімін білдіру, сондай-ақ, береке-бірлік пен достықты нығайту мақсатын көздейді. Осы себепті, 1-наурызда Қазақстандағы барлық этнос өкілдерінің ортақ тарихқа, елге құрметі паш етіледі.

Үндінің ұлы ақыны Рабиндранат Тагордың «Жалынға оның жарығы үшiн алғыс айт, бiрақ, елеусiз қалған шырағыңды ұмытпа» деген қанатты сөзінің мағынасы өте зор. Өйткені, алғысты өзіңе жақсылық жасағандарға ғана емес, қасыңдағы әрбір жанға айту артықтық етпейді.  

Алғыс — жүрекке жылу сыйлап, кімді де болса марқайтады, оның кереметі де осында.

Алтын алма, алғыс ал,

Алтын деген жер сыйы.

Алғыс деген ел сыйы,  демекші осынау тамаша күн отандық сот жүйесінің жандануына сүбелі үлес қосып, ел халқының құқықтары мен бостандықтарының, заңды мүдделерінің әділ қорғалуына бар күш-жігерлерін жұмсап  жүрген әріптестеріме шын жүректен ризашылығымды білдіремін.

Сонымен қатар, ата-анама, отбасыма, ағайын-туыс, дос-жаранға, жалпы халыққа алғысым шексіз.

Жалпы қолдау мен қамқорлық, жылы сөз жанды жадыратып, жүрекке шуақ сыйлайды. Сондықтан, әрбір күнімізді шуаққа толтыратын бір-бірімізге деген алғыс-рақметіміз, әдемі сөзіміз азаймасын.

Ізгі ниеттеріңіз бен қамқорлықтарыңыз мың еселеніп қайтуына тілектеспін жақсыларым! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Айнұр Қызылбаева, Ақтау қалалық сотының төрағасы Маңғыстау облысы

Халықтың көңілінен шыққан заңдар өміршең

Халықтың қажетіне жараған, азаматтардың көңілінен шыққан заңдардың қолданысы кең....

Судьялар одағы сот жұмысына серпін берді

Биыл Қазақстан Республикасы Судьялар одағы қоғамдық бірлестігінің құрылғанына 30...

Профилактика коррупции является одним из основных приоритетов государственной политики

Как известно, Глава государства Касым-Жомарт Токаев на совещании по...

Мемлекеттік тілді құрметтеу парыз

Мемлекеттік тіл – елдің егемендігі мен бірлігінің басты тірегі....

Ранняя профориентация как основа формирования ценностей государственной службы

25 февраля текущего года Департаментом Агентства Республики Казахстан по...