12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Әрбір аңға атылған оқ – табиғатқа жасалған қылмыс

Елімізде табиғатты қорғау туралы заң ережелері барынша қатаңдатылып, аң-құстарды жаппай аулаушыларға жаза күшейгенімен айылын тартып жатқандардың қатары азаяр емес. Керісінше жыл санап тұмса табиғат еркелерін бағалы терілері мен мүйіздері үшін жайратып тастап, қажеттісін алып қажетсізін лақтырып кете беретіндер көбейіп барады. Заң талаптарына сәйкес қолға түскен браконьерлерге әкімшілік айыппұл мен қылмыстық жауапкершілікпен бірнеше жылға дейін темір торға тоғытуға дейін ауыр жазалар кесіліп жатқанымен мәселе әлі де аса өзекті болып тұр. Табиғаты сұлу аймақтарға аса бай Ақмола облысында да браконьерлерге қарсы шаралар еш толастаған емес…

Биылғы жылдың алғашқы жарты жылдығына қорытынды жасаған Ақмола облысының орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мәліметінше өңірде жалпы аң аулайтын жерлердің аумағы 12 миллион 343 мың гектардан астам аумақты құрайды. Оның ішінде 12 миллион 114 мың гектарында 161 аңшылық шаруашылықтары ұйымдастырылған. Ал 10 миллион 278 мың гектар алқапта орналасқан орманды аймақтарда 139 аңшылық шаруашылықтары нақты қызметтерін жүзеге асырып отыр. Олар 82 заңды және жеке тұлғалардың меншігіне алынған.

Дегенмен аңшылық шаруашылықтармен әлі күнге игерілмеген жерлердің де көлемі аса үлкен аумақты алып жатқан болып шықты. Ведомствоның мәліметінше қазіргі уақытта облыс аумағында резервтік қордағы 22 бекітілмеген аң аулайтын жерде жалпы көлемі 1 миллион 836 мың гектар алқап бар екені анықталған.  Жалпы облыс бойынша 1,8 миллион гектардан астам жер ешкімге берілмей мемлекеттік резервке қойылғаны мәлім болды. 

Киіктер саны артып келеді

Соңғы жылдары киіктердің саны күрт азайып экологтар дабыл қаққан еді. Дегенмен соңғы жылдары керісінше киіктердің саны еселеп өсе бастаған. Сала мамандары өңірде киіктер санының бұрнағы жылдармен салыстырғанда айтарлықтай көбейгенімен, аң-құсқа браконьерлік шабуыл деректерінің де саябырламағанын алға тартады. Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының дерегінше биылғы жылы облыс аумағында киіктердің жалпы саны 100-105 мың басқа дейін жетіп жығылған. 

—        Биылғы сәуір айында ұшақпен киіктердің санын әуе кеңістігінде есептеу кезінде 21 647 киік көзге шалынды. Жалпы өңірде 23 маусымдағы жағдай бойынша шамамен киіктердің саны 100 мыңнан асып 105 мыңға жуықтап қалған қалғаны белгілі болып отыр.  Қазір аңшылық шаруашылықтары заң аясында қайта тіркеуден өтіп жатыр. Жыл басынан бері бірнеше аңшылық шаруашылықтары жаңа иелеріне он жыл мерзімге қаңта бекітіліп берілді. Атап айтқанда, «Степное» аңшылық шаруашылығы «Фламинго-НС» ЖШС-не, «Дударай» аңшылық шаруашылығы «Алтын-Қасқыр» ЖШС-не, «Атбасарское» аңшылық шаруашылығы «Астана қаласы және Ақмола облысы аңшылары мен балықшылары қоғамы» қоғамдық бірлестігіне он жыл мерзімге қайта бекітілді, — дейді Ақмола облысы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Лашынтай Дүйсенов. 

Сала мамандары киік санының өсімін табиғатты қорғау жұмыстары мен аңшылыққа шектеу қоюдың оң нәтижесі деп бағалайтынын жасырмады. Өйткені, сайын даланың еркін жануары – киіктер бірінші кезекте экожүйенің тепе-теңдігінің маңызды буыны екені айтпаса да түсінікті. Сондай-ақ, киіктер Қазақстанның символына айналған айрықша жануарлардың бірі болып саналады. 

Заңды белден басқандар жауапсыз қалмады

Тәртіп пен талап қатал болғанымен заңды өрескел түрде бұзып аң аулағандар әкімшілік құқықбұзушылық кодексіне сәйкес әкімшілік жазаға да тартылған. Ведомствоның мәліметінше тек жыл басынан бері ғана 13 әкімшілік материал жасалып, жалпы сомасы 137 020 теңге сомасына айыппұл салынған. Қазіргі уақытқа дейін барлық айыппұл толығымен өндірілген. Ведомство дерегінше әкімшілік құқықбұзушылықтар бойынша мемлекетке келтірілген шығынның жалпы көлемі 176 940 теңгені құраған.

—        Жалпы жыл басынан бері инспекция қызметкерлері жануарлар дүниесі саласындағы заңнамалардың сақталуына қатысты 228 мәрте рейд шараларын ұйымдастырды. Жүргізілген нақты жедел әрекеттердің нәтижесінде 176 мың 940 теңге айыппұл өндіріліп алынды. Құқық бұзушылықтардың арасында заңсыз аң аулау, рұқсатсыз жануарларды ұстау, тіркелмеген тасбақаларды заңсыз сақтау сияқты фактілер анықталды, — дейді ведомство басшысы. 

Аумақтық инспекция әкімшілік құқықбұзушылықтармен қатар аймақта браконьерлермен қылмыстық істердің де азаймай керісінше көбейіп кеткенін мәлім етті. Тек жыл басынан бері ғана облыс аумағында алты бірдей қылмыстық іс қозғалған болып шықты. Браконьерлікпен айналысқандардың кейбірі бас бостандығынан айырылса, енді біреулері миллиондап айыппұл төлеген. Мәселен Зеренді ауданында үш бас елік атып алған үш жігіт ауылға жеткізбек болған жерінен қолға түскен. Тергеу барысында олардың бірі осыған дейін сотталған адам болып шықты. Бұл іске Көкшетау мемлекеттік ұлттық паркі зардап шегуші ретінде танылып, заңсыз аң аулағандардан 2,9 миллион теңге сомасында өтемақы өндірілген. 

Сондай-ақ Сарыарқа ауданында техникалық қызмет көрсету стансасында заңсыз ұсталған арыстанның аланы табылып, бұл оқиға  әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсіп үлкен қоғамдық резонанс тудырған. Астана қаласы Сарыарқа аудандық полиция басқармасымен тіркелген қылмыстық іс бойынша күдіктілер анықталып, қазір оларға қатысты тергеу амалдары жалғасып жатыр. 

Табиғаттың тағдыры – әрбір азаматтың қолында

         Өңірде жануарлар әлемін қорғау және қамқорлық көрсету бағытында жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Бұл орайда тек мемлекеттік органдар мен инспекторлардың ғана күшімен табиғатты толықтай қорғау мүмкін еместігі айқын сезіліп тұр.

P.S. Әрбір адам табиғаттың бір бөлшегі болғандықтан бұл мәселе де жалпы қоғамның ортақ жауапкершілігі екенін естен шығармаған жөн. Киіктердің көбеюі экологиялық жағынан дұрыс бағытта келе жатқанымыздың айқын көрінісі. Дегенмен, олардың егін алқаптарын таптап кетуі сияқты өзекті мәселелер тағы бар. Сондықтан табиғаттың да залал шекпей, егіншілердің де астықсыз қалмауына ықпал ететіндей шараның жасалғаны жөн. Әрбір аңға оқ ату, жануарларды рұқсатсыз ұстаудың баршамызға ортақ  табиғатқа қарсы қылмыс екенін ұмытпасақ екен. Өйткені бүгінгі жануарлар әлемі мен қоршаған орта ертеңгі ұрпақтың өмірі мен болашағы үшін аса маңызды.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, 

Ақмола облысы 

Серебрянск қаласында «Болашаққа арналған экологиялық шешімдер: энергия, жылу және табиғат» атты дөңгелек үстел өтті

Серебрянск қаласында «Болашаққа арналған экологиялық шешімдер: энергия, жылу және...

В Серебрянске прошёл круглый стол «Экорешения на будущее: энергия, тепло и природа»

В городе Серебрянске состоялся круглый стол на тему «Экорешения...

Қазақстанда алғаш рет қасиетті жәдігерлер көрмесі өтті: дінаралық диалогтың жаңа парағы ашылды

2025 жылдың 1 тамызында Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Әлемдік және...

Абай тойының интеллектуалды шымылдығы – «Abai akademiasy»

Абай облысында Абайдың 180 жылдығына арналған онкүндік мерейтойлық шаралар...

Мойынқұмда табиғатты сүю – тәрбие бастауына айналды

Жасыл желекке оранған табиғат — адамзаттың алтын бесігі. Ал...