Әрбір үйде — таза су

Мемлекет басшысы 2021 жылғы жолдауында: «Ондаған жыл бойы қомақты қаржы бөлінгеніне қарамастан, ауыз су мәселесі әлі шешімін тапқан жоқ. Сондықтан, Өңірлерді дамытудың ұлттық жобасы аясында бес жыл ішінде халықты 100 пайызын таза ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырамын. Бұл – Үкіметтің алдында тұрған басты міндет» деген еді.

Өйткені халықтың таза ауыз суға қолжетімділігін қамтамасыз ету тұрғындардың денсаулығын жақсартып, əлеу меттіктұрмыстық жағдайын көтерудің басты көрсеткіші. Сол себепті Алматы облысында да бұл мəселе күн тəртібінен түскен жоқ. Тұрғындарының 81 пайызы ауылдық жерде тұратын өңірде халықтың таза ауыз суға қолжетімділігі жыл басында 99,4 пайызды құрады. Мəселен, Іле ауданы Мұхаметжан Түймебаев ауылындағы мыңнан астам үй осы уақытқа дейін суды 35 метрге жететін ұңғымалардан алатын. Оның өзі ішуге жарамсыз болатын. Сондықтан мұнда құны 1,4 млрд теңге болатын жоба бойынша 21,5 шақырым су құбыры тартылып, 2 резервуар мен 220 метр тереңдікке жететін 2 артезиандық ұңғыма, зертхана салынған. Онда су 2025 жылдың тамыз айынан беріле бастағанмен, құрылыс-монтаждау жұмысы қараша айында ғана аяқталған еді. Іле аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық жəне тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Ғазиз Алтайұлының айтуынша, 2025 жылы Іле ауданында ауыз су жүйесінің 55,2 шақырымы жаңадан салынып, 10 шақырымы жаңартылған. Сонымен қатар Ащыбұлақ ауылдық округіне қарасты Көкқайнар ауылында да ауызсу жүйелерін салуға жобалық-сметалық құжаттама əзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған. Жобаға сəйкес 22 шақырым су құбыры жүргізіліп, 1,1 мыңнан астам үй орталықтандырылған сумен қамтылатын болады. Сол сияқты Қарасай ауданы Іргелі ауылдық округіне қарасты Кемертоған ауылында қазіргі таңда 12 мыңнан астам тұрғын мен 3 200-ден астам үй бар. Солтүстік бағытта жаңа тұрғын үйлердің қарқынды салынуы инженерлік желілерді жаңғыртуды талап етеді. Өйткені бұрын бұл аудандарда коммуналдық инфрақұрылым болмаған. Жоба бойынша мұнда екі су алу ұңғымасын бұрғылау, сондай-ақ əрқайсысы 1,4 мың текше метр көлемінде екі таза су резервуарын салу жəне жалпы ұзындығы 185 шақырымдай болатын су құбыры желілерін салу қарастырылған. Бұл жер учаскелеріне сапалы ауыз суды жеткізуге мүмкіндік береді. Сметалық құжаттамасы 2023 жылы əзірленіп, 2024 жылы желтоқсанда мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алған жобаның жалпы құны – 4,8 млрд теңге. Бүгінгі таңда құрылыс жұмысын бастауға 1 млрд 438 млн теңге қаражат бөлінген.

Е.КЕБЕКБАЙ, «Заң газеті»

Мұрагерлік құқықтық тиімді қорғау өзекті

Мұрагерлік – құқықтық тұрғыдан реттелетін рәсімнің бірі. Ал мұрагерлік...

ЦИФРОВИЗАЦИЯ ГРАЖДАНСКОГО ПРОЦЕССА В РЕСПУБЛИКЕ КАЗАХСТАН: ПРАВОВЫЕ ПРЕИМУЩЕСТВА И ОТДЕЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМНЫЕ АСПЕКТЫ

Сапарбекова Ж. С м.ю.н., старший преподаватель КазНу имени Аль-Фараби Бахтияров С. Б. Студент...

«Что делать, если вы получили повестку в суд»

Судебная повестка — вот сигнал, что вас включили в...

Заңды өкіл кәмелетке толмаған баласының қайыр сұрағаны үшін жазаланды

Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен...

Жаңа Конституция: жаңару мен әділетті қоғамның кепілі

Қоғам дамуының әр кезеңі жаңа талаптар мен тың көзқарастарды...