Елімізде мемлекеттік тіл саясаты Қазақстан Республикасы Конституциясымен, Қазақстан Республикасындағы тіл туралы 1997 жылдың 11 шілдесіндегі №151 Заңымен, тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылдың 16 қазанындағы №914 қаулысымен бекітілген тұжырымдамасымен, сот ісін жүргізу тілі қағидатын қолданудың кейбір мәселелері туралы 2016 жылғы 22 желтоқсанындағы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының №13 нормативтік қаулысымен және өзгеде құжаттармен реттеледі.
Кез келген қоғамның дамуындағы күрделі құбылыстардың бірі-тіл мәселесі болып табылады. Қай уақытта болмасын, тіл құрылысының қоғамдық және мемлекеттік маңызы жоғары болған. Соған сәйкес, тіл халықтын тұтастығының негізі. Тілдің адам өмірінің философиясымен ойлау жүйесін қалыптастыратындығы белгілі. Кенестік жылдардағы саясат бойынша, коммунизмге жету үшін барлық халықтың бір тілді болуы басты шартқа айналып, соның нәтижесінде орыс тіліне ерекше мүмкіндік беріліп, оны игерудің маңыздылығы жоғары тұрды. Нәтіжесінде, сол дәуірдегі қазақ қоғамында халықтың дүниетанымы өзгерістерге ұшырап, қазақтардың өз тіліне, салт-дәстүрі мен әдеп-ғұрпына немқұрайлы қарау құбылысы байқалды. Кеңестік дәуірдегі Қазақстанда жүргізілген тіл саясатының теріс салдары әлі де жойылған жоқ.
Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына сәйкес, 5 қыркүйек — Қазақстан халқы тілдері күні деп белгіленген. Мемлекеттік тілді білу – әрбір қазақстандықтың парызы. Еліміз Тәуелсіздік алғанына 30 жылдан астам уақыт өтті. Дегенмен, қазақ тілі әліде толыққанды барлық салаға сіңбей жатыр. Мемлекеттік тіл дегенде, қоғамның басым қөпшілігі мемлекеттік мекемелермен мемлекеттік қызметкерлерге назар аударады. Бұл қате түсінік ,себебі ол саясатқа барлығы араласу қажет. Ең қарапайым нәрсенің алып қарайықшы: барлығымыз еліміздегі цифрландыру қызығына еніп күнделікті өмірде телефон арқылы тапсырыс беру, ақша салу, аудару, алу, әртүрлі төлемдер жасау оның ішінде жол ақысы, азық түлік, коммуналдық төлемдердер, банк карталарымен немесе QR- код арқылы колданған кезде әдеттегідей орыс тіліне тандау жасаймыз. Сол әдіс тез әрі ыңғайлы болып көрінеді. Қазақ тілі бұл жерде өкінішке орай қолданусыз қалады. Бұл біздің бүгінгі болмысымыз. Міне осындай дүниеге мән беруіміз қажет. Сонымен қатар үйреншікті қолданып жүрген сөздердің баламасын табу керек, оның ішінде «ФЛЕШКА», «ЭЦП», «ЦОН», «СКИНУТЬ», «ЭЛЕКТРОНКА», «УДАЛЁНКА» «УПРОЩЕНКА» және тағы басқалар. Осындай қысқартылған сөздердің аудармасы қиын және атауға ұят сиятқы көрінеді. Мысалы ЦОНның аудармасы ХҚКО, ЭЦП-ның аудармасы ЭЦҚ. «Мен ХҚКО-ға барып ЭЦҚ жасатып алайын» деп ешкім айтпайды ғой. Қалай ыңғайсыз, ешбір адам атағысы келмейді. Сол себептен тез арада аталған сөздердің баламасың тауып қолданысқа еңгізу қажет деп санаймын.
Мемлекеттік өз тарапынан тілдің мәртебесін көтеруге бағытталған түрлі шаралар ұйымдастырылып жасалғанмен нәтижесі қуанарлықтай емес. Соның бірі елімізде 1997 жылдың 11 шілдесінде Қазақстан Республикасындағы тіл туралы №151 Заңы қабылданды. Заңның 4-бабында Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi — қазақ тiлi деп бекітілген. Мемлекеттiк тiл — мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi деп жазылған. Осы заң аясында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданып Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылдың 16 қазанындағы №914 қаулысымен бекітілген. Тұжырымдамада 2029 жылға қарай мемлекеттік тілді меңгерген халықтың үлесін 84 пайызға жеткізу көзделген. Мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардағы құжат айналымының мемлекеттік тілдегі үлесі 94 пайызды құрауы тиіс. Осы мақсаттарға қол жеткізу тұжырымдамасында басқалармен қатар, халыққа қазақ тілін үйрету курстарын ашу, бейнесабақтар өткізу, жоғары оқу орындары мен жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының бағдарламаларын жаңарту ұсынылады. Тұжырымдама аясында қазақ тіліндегі сөздердің лексикалық-грамматикалық минимумдары алғаш рет құрылады.
Бұл орайда сот саласыда осы саясаттан тыс қалмай осы бағытта өз жоспарын бекітіп жұмыс жасауда. Атап өтсек Абай облыстық сотының төрағасымен 2026 жылдың 1-жартыжылдығына арналған жұмыс жоспары бойынша сот төрағалары, сот Әкімшісінің басшылары, мамандар, облыстық сотының БАҚ жұмысын үйлестіруші судья және тағы басқалар өз деңгейінде шара қолданып жатыр. Оның ішінде түрлі мақалаларды жарыққа шығару, сот мамандар арасында семинар сабақтарын өткізу, басқа мемлекеттік мекемелерімен, құқық қорғау органдарымен, қорғаушылармен қазақ тілінде қаралатын істер санын арттыру мақсатында дөнгелек үстел ұйымдастырылуда. Құжат айналымының мемлекеттік тілдегі үлесіне мониторинг ай сайын жасалады. Әрбір сот, өз құзыры шеңберінде іске қатысушылардың пікірлерін ескере отырып сот ісін жүргізу тілін орыс тілінен қазақ тіліне көшіру туралы сот актілер шығарып жатыр.
Өзім қызмет етіп жүрген Семей қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотына келер болсам, құжат айналымы бойынша 2026 жылдың 18 наурызына дейін келіп түскен материалдар мен шағымдардың саны 360 құжат, оның ішінде 76 құжат мемлекеттік тілде, яғни үлесі бойынша 21% құрайды. Не себептен бұл көрсеткіш төмен деп заңды сұрақ туындайды. Себебі, тіл туралы Заңының 13-бабында Қазақстан Республикасында сот iсi мемлекеттiк тiлде жүргiзiледi, ал, қажет болған жағдайда, сот iсiн жүргiзуде орыс тiлi немесе басқа тiлдер мемлекеттiк тiлмен тең қолданылады делінген. Сотқа тергеу органдарымен жіберілген жадығаттар қай тілде жолданады, яғни сот істермен жадығаттарды сол тілде қарайды. Сонымен қатар сотта, құжаттардың мемлекеттік тілде орындалуын қорытындылап айтқанда, шығыс құжаттары мен ішкі құжаттар барлық мемлекеттік мекемелер мен азаматтармен хат алмасулар тек мемлекеттік тілде яғни 100пайыз қазақ тілінде әзірленеді. Сотта құжаттардың мемлекеттік тілде орындалуы мамандарға да үнемі ескертіліп отырады, қадағалануда, апта сайын мониторинг жүргізілуде. Сонымен қоса, 2026 жылдың наурыз айының 14 және 19 жұлдызында мамандар арасында «Мемлекеттік тілді дамыту және сапасын көтеру», «Мемлекеттік тіл-іс қағаздарын жүргізу тілі» тақырыптарында семинарлар жүргізілген.
Сотқа дейін тергеп-тексеру орган іс тергеу барысында өндіріс тіл тәртібін бұзған кезде сот өз тарапынан жекеше қаулы шағарып шара қолданады. Тергеу сотында өткен жылдың қорытындысы бойынша қылмыстық ісі бойынша бір жекеше қаулы, ал ағымдағы жылы қылмыстық ісі бойынша тағы бір жекеше қаулы шығарылған.
Сөзімді қорытындай келе, келесіні айтқым келеді. Менімен шамалас адамдар өзім сияқты мектепті, кейін Жоғарғы оқу орындарын орыс тілінде аяқтап, қазақ тілінде тілдесу кезінде қыйындық көретіні маған мәлім. Бірақ оған қарамастан, өз басым күнделікті өмірде, жұмыста, үйде, қоғамдық көлікте, интернет желісінде қазақ тілін қолдану үлесін көбейтіп, әртүрлі газеттер, журналдармен кітаптарды оқып, семинар сабақтарын, әртүрлі өтініш-арыздар, өтінімдер, мақалаларды өз ана тілімде жазуды әдетке айналдырғанмын. Қазақ тілін меңгеруге болады, ең бастысы әр азамат мемлекеттік тілде сөйлеп, ана тіліне жанашыр болса болғаны.
Абай облысы Семей қаласының мамандандырылған тергеу сотының бас маманы- сот мәлісінің хатшысы Д.Б.Бақтыбай


