2026 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде «Әлімжеттіктің түрлері және алдын алу жолдары» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шараны Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының аға оқытушысы Оңғарбаева М.С. және 1-курс докторанты Дауылова Д.Ж. ұйымдастырып, аға оқытушы Дайрабекова Г.Қ. белсенді қатысу көрсетті. Тәрбие сағаты 6B02303 – «Шетел филологиясы» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттеріне арналды.
Іс-шараның басты мақсаты – студенттер арасында әлімжеттік мәселесіне қатысты саналы көзқарас қалыптастыру, оның алдын алу жолдарын түсіндіру және өзара құрметке негізделген мәдени қарым-қатынасты дамыту болды.
Қазіргі жаһандану жағдайында жоғары оқу орындары тек кәсіби білім берумен шектелмей, тұлғаның азаматтық жауапкершілігі мен адамгершілік құндылықтарын қалыптастыратын маңызды әлеуметтік институт ретінде ерекшеленеді. Осы тұрғыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті студенттердің жан-жақты дамуына, қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруға ерекше мән беріп келеді.
Аталған іс-шара Тұрақты даму мақсаттары (ЦУР) аясында ұйымдастырылып, атап айтқанда, №4 «Сапалы білім», №5 «Гендерлік теңдік» және №16 «Бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттар» мақсаттарына сәйкес келеді. Университет қабырғасында қауіпсіз, әділ және инклюзивті орта қалыптастыру – осы мақсаттардың негізгі басымдықтарының бірі болып табылады.
Тәрбие сағаты барысында әлімжеттіктің мәні кеңінен түсіндіріліп, оның негізгі түрлері талқыланды. Атап айтқанда, физикалық, психологиялық (вербалды), әлеуметтік және киберәлімжеттік түрлерінің ерекшеліктері мен олардың салдары нақты мысалдар арқылы көрсетілді. Әсіресе киберкеңістіктегі қысым түрлерінің өзектілігіне ерекше назар аударылды.
Іс-шара интерактивті форматта өтіп, студенттер өз пікірлерін ашық білдіріп, тақырып аясында белсенді талқылау жүргізді. Бұл өз кезегінде жастар арасында ашық диалог мәдениетін қалыптастыруға және өзара сенімді қарым-қатынасты нығайтуға ықпал етті.
Әлімжеттіктің алдын алу бағытында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының маңызы, психологиялық қолдау жүйесінің қажеттілігі, сондай-ақ студенттік бастамаларды дамыту мәселелері жан-жақты қарастырылды. Университет қабырғасында жүзеге асырылып жатқан мұндай іс-шаралар білім алушылардың құқықтық және әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік береді.
Қауіпсіз және қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру – сапалы білімнің басты кепілі. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті осы бағытта жүйелі жұмыстар жүргізіп, студенттер арасында өзара сыйластық пен мәдениетті қарым-қатынасты қалыптастыруға тұрақты түрде көңіл бөліп келеді.
Әлімжеттікке «нөлдік төзімділік» қағидатын ұстану – заманауи білім беру кеңістігінің маңызды талабы. Өзара құрмет пен адамгершілікке негізделген ортада ғана болашақ мамандар өз әлеуетін толық жүзеге асыра алады.
Осылайша, өткізілген тәрбие сағаты тек өзекті мәселені көтеріп қана қоймай, сонымен қатар ЦУР мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған нақты қадам ретінде университеттің имиджін нығайтуға және оның әлеуметтік жауапкершілігін айқындауға өз үлесін қосты.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті,
Филология факультеті,
Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының
ф.ғ.к., ассистент-профессоры Бәйелі Ә.Ж.,
аға оқытушысы Оңғарбаева М.С.,
1-курс докторанты Дауылова Д.Ж.


