12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ӘЛЕУМЕТТІК ТЕҢДІК –ИНКЛЮЗИВТІ ОРТА ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Мүгедектігі бар адамдарды əлеуметтік қолдау еліміздің мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі. Қазақстанда мүгедек адамдарды əлеуметтік қорғау ҚР Конституциясымен, ҚР Əлеуметтік кодексімен реттеледі.

Елімізде 2015 жылы БҰҰ мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялады, осылайша мүгедек адамдарды қоғамға толыққанды интеграциялауға бағытталған шаралар кешенін одан əрі іске асыру бойынша міндеттеме алды. 2019 жылдан бастап мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету жəне өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспар іске асырылып жатыр. Оның шеңберінде əлеуметтік оңалту жəне реабилитация, кедергісіз орта жəне қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету, қоғамдық сананы жаңғырту жөніндегі іс-шаралар бар. Сонымен қатар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қабылданған. Бұл құжат бойынша есту қабілеті төмен адамдар сотта ымдау тілі маманының қызметтерін тегін пайдалана алады. Сондай-ақ сурдотехникалық жəне тифлотехникалық құралдарды пайдалануға мүмкіндік туады. Ал мүгедектігі бар балаларды жалғыз өзі тəрбиелеп отырған не қамқорлығында кəмелетке толған мүгедектігі бар адамдар бар азаматтарға өтеусіз заң көмегі көрсетіледі. Халықты əлеуметтік қорғау саласындағы уəкілетті органға министрлердің, аудан, қала, облыстық маңызы бар қала, облыс, республикалық маңызы бар қала, астана əкімдерінің мүгедектік мəселелері бойынша штаттан тыс кеңесшілерін тағайындау тəртібін əзірлеу жəне бекіту жөніндегі құзырет беріледі. Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігінің деректеріне сəйкес, Қазақстанда 725 мыңнан астам мүгедек адам бар. Оның ішінде 58 пайызы еңбекке жарамды адамдар болса, 26,9 пайызы зейнеткерлік жас жəне 15,1 пайызы 18 жасқа дейінгі балалар. Мүгедектігі бар адамдар санының жыл санап 1,5-2 пайызға дейін өсу үрдісі байқалады. Өкінішке қарай соған қарамастан елімізде оларды əлеуметтік оқшаулау, кемсітушілік, инфрақұрылымның қолжетімділігі жəне еңбек нарығында тең мүмкіндіктер мəселелері өзекті болып отыр. Жалпы, елімізде мүгедектігі бар адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету үшін Қазақстанда əлеуметтік қорғаудың көп деңгейлі жүйесі жұмыс істейді. Олар əлеуметтік жəрдемақылар мен төлемдер түріндегі мемлекеттік көмек жəне қолдау, мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру шектеулерін еңсеруі үшін жағдай жасауға, əлеуметтік мəртебесін қалпына келтіруге, олардың əлеуметтік-тұрмыстық жəне қоршаған ортаға бейімделуіне бағытталған шаралар кешенін ұсыну арқылы ағзаның жоғалған функцияларын өтеу, əлеуметтік оңалту. Сонымен қатар өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға арнаулы əлеуметтік қызметтердің кепілдендірілген көлемі ұсынылады, оған қызметтердің 8 түрі кіреді. Сонымен қатар былтырдан бастап «Қазақстан халқына» қоғамдық қорымен бірлесіп тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған Абай, Павлодар, Қызылорда облыстары мен Шымкент қаласында серпінді жоба іске қосылды. Бұл шараның негізгі мақсаты – үздіксіз оңалту жəне оңалтудың инновациялық техникалық құралдарын жеке таңдау арқылы тірек-қимыл аппараты бұзылған балалардың өмір сүру сапасын жақсарту. Мүгедектігі бар адамның медициналық-əлеуметтік сараптама бөлімдеріне бармай-ақ тек медициналық мекемеге жүгінуін көздейтін сырттай проактивті формат бойынша да пилоттық жоба жүзеге асырылуда. ҚР Еңбек жəне əлеуметтік қорғау министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп əлеуметтік маңызы бар объектілерді бейімдеу бойынша жоспарлы жұмыстарды қолға алыпты. Объектілерге кедергісіз қол жеткізуді қамтамасыз етуге жауапты жергілікті атқарушы органдар қолжетімділіктің интерактивті картасы бойынша жергілікті жерлерде əлеуметтік маңызы бар объектілерді бейімдеу жөніндегі ақпаратты тұрақты негізде өзектендіреді. Компьютерден немесе ұялы телефоннан мүгедектігі бар адам үйден шықпай-ақ белгілі бір объектіге барар алдында оның қолжетімділік дəрежесін көруге мүмкіндігі бар. Тоқетерін айтқанда елімізде мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау жыл өткен сайын жақсарып, əлемдік талаптарға жақындап келеді.

А.ТҰРМАҒАНБЕТОВА, «Заң газеті»

Психиатрическая экспертиза против воли

Шокирующий случай произошел на прошлой неделе в Алматы. Мужчину...

Сот төрелігін мемлекеттік тілде жүзеге асыру

Қазақстан Республикасының Конституциясында қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесіне ие...

Алматы қаласында Еріктілер кеңесінің мүшелері марапатталды

Ағымдағы жылдың 17 қыркүйегінде Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің...

Мемлекеттік қызметшінің әдебі

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 22 ақпандағы №814 жарлығымен...

Руслан Қошқарбаев: «Туризм – Қазақстанды әлемге танытатын ұлттық бренд болуы тиіс»

Руслан Қалдыбайұлы Қошқарбаев, халықаралық гид-нұсқаушы, виза сарапшысы, кәсіпкер – Руслан...