Әлем сарапшылары инклюзивті қоғам құрудағы жаһандық сын-қатерлерді талқылады

Алматы қаласында инклюзивті білім беру саласындағы алғашқы Дүниежүзілік конгресс аясында «Инклюзивті білім берудегі жаһандық трендтер: сын-қатерлер мен шешімдер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оған Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, Тәжікстан Республикасының білім беру және ғылым министрі Саидзода Рахим Хамро, Парламент Мәжілісінің депутаттары, Алматы қаласының әкімінің орынбасары және халықаралық сарапшылары, мемлекеттік және қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.

Әлемнің түкпір-түкпірінен келген беделді ғалымдар мен сарапшылар, педагог-практиктер, қоғамдық және халықаралық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ әр елдің үкімет мүшелері инклюзия саласындағы жаһандық маңызы зор мәселелерді бірлесіп талқылады.

Дөңгелек үстелде сөз алған Қазақстанның Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Қазақстанның білім беру жүйесінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен әділетті қоғам құру бағытында ауқымды реформалар жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Атап айтқанда, тең әрі сапалы біліммен қамтамасыз ету, заңнамалық базаны жетілдіру, инфрақұрылымды дамыту, инклюзивті мәдениетті қалыптастыру және мұғалімдердің кәсіби дамуына басымдық беру бағыттарына ерекше көңіл бөлінуде.

«Қазақстанда жасанды интеллектіні пайдалану және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды жан-жақты қолдау мәселелері басты назарда. Инклюзияның негізі – адами құндылықтар: сыйластық, қабылдау және қолдау. Біз заманауи сын-қатерлер мен жаһандық үрдістерді ескере отырып, білім мазмұнын жетілдіруде күш біріктіріп, тиімді стратегиялар әзірлеу, тәжірибе алмасу және қолдау механизмдерін нығайтуға шақырамыз», – деді Оқу-ағарту министрі.

Сонымен қатар жиында Тәжікстан Республикасының білім беру және ғылым министрі Саидзода Рахим Хамро Тәжікстандағы инклюзияның даму тәжірибесімен бөлісті, SEAMEO Secretariat директоры Датук Хабиба Абдул Рахим Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің тәжірибесі мен ынтымақтастығы туралы айтты, Алматыдағы UNESCO Regional Bureau директоры Амир Пирич инклюзивті және әділ білім беруді ілгерілетудегі ЮНЕСКО-ның рөлін атап өтті, UNICEF өңірлік кеңесшісі Нора Шабани Еуропа мен Орталық Азиядағы инклюзивті білім берудің дамуына шолу жасады, International Forum of Inclusion Practitioners (IFIP) президенті Даниэль Собель инклюзияның жаһандық тәжірибелері мен мектептерді қолдау тәсілдері туралы пікір білдірді, Марокко Білім министрлігінің өкілі Лубна Белаббес білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі ұлттық шаралар туралы баяндады, Әзербайжанның Мектепке дейінгі және жалпы білім беру жөніндегі мемлекеттік агенттігі директорының орынбасары Ягублу Вафа Мисировна мен Босния және Герцеговина Федерациясының Сараево кантонының Тәрбие және білім беру мәселелері жөніндегі министрлігінің өкілі Мелисса Миздрак өз елдері мен аймақтарының тәжірибесін таныстырды, ал Google for Education өкілі Крис Блейни инклюзивті білім беруді жаһандық деңгейде қолдауға арналған технологиялық шешімдерді ұсынды; сондай-ақ әйгілі сәулетші, Fuji Kindergarten жобасының авторы Тахакура Тэдзука өз идеялары мен тәжірибесін ортаға салды.

Сондай-ақ дөңгелек үстел барысында Инклюзивті білім беру жөніндегі Алматы декларация талқыланды.

Айта кетсек, бүгінде Қазақстанда ерекше білім беру қажеттіліктері бар және «тәуекел» тобындағы балаларды ерте анықтау үшін 110 ПМПК мен 509 арнайы ұйым жұмыс істейді. Мектептерде 1000-нан астам қолдау кабинеті ашылып, 29 мыңнан астам маман психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді, оның ішінде 10 мыңнан астамы – арнайы педагогтер.

Последнее слово – за избирателем

23 АВГУСТА В КАЗАХСТАНЕ СОСТОЯТСЯ ПЕРВЫЕ ВЫБОРЫ ДЕПУТАТОВ КУРУЛТАЯ. ПОКА ПАРТИИ ПРОДОЛЖАЮТ АГИТАЦИЮ, ИЗБИРАТЕЛИ ПОЛУЧАЮТ ВОЗМОЖНОСТЬ СРАВНИТЬ ИХ ПРОГРАММЫ И ПОЗИЦИИ, А ЭКСПЕРТЫ ОЦЕНИВАЮТ ВОЗМОЖНУЮ ЯВКУ. ОДНОВРЕМЕННО ФОРМИРУЕТСЯ И СИСТЕМА НАБЛЮДЕНИЯ ЗА ГОЛОСОВАНИЕМ.

Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2,9% құрады

2026 жылғы II тоқсанда Қазақстандағы Халықаралық еңбек ұйымының әдістемесі бойынша есептелген (табысты кәсібі (жұмысы) болмаған, оны белсенді іздеген және жұмысқа кірісуге дайын) жұмыссыздық деңгейі 4,5% құрады.

Ел аумағында бір тәулікте 8 орман өрті тіркелді 

Қазіргі уақытта өрт ошақтарын оқшаулау және толық сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Қазақстандықтар қыркүйек айында қанша күн демалады? 

2026 жылдың қыркүйек айында қосымша демалыс күндері болмайды. Қазақстанда бұл ай әдеттегі жұмыс кестесімен өтеді.

Әлемдік нарықта мұнай бағасы арзандады 

Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 42 центке (0,47%) төмендеп, барреліне 88,56 долларды құрады.