12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ҒЫЛЫМИ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУ ТЕТІКТЕРІ

          Бүгінде алдына қойған міндеттер бойынша білім беру, ғылым мен инновациялық қызметтің тиімді ықпалдастығы негізінде, қазіргі интеллектуальды талаптарға және Қазақстан Республикасының Даму стратегиясына сай кадрлық әлеуетті — жаңа форматтағы мамандарды қалыптастыру мақсатында келелі міндеттерді орындауда қажырлы күш жұмсауда. Әлемдегі алдыңғы қатардағы ел болу мақсатында қабылданған «100 нақты қадам» — бұл жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі жөніндегі жоспары. Тұрақты дамып келе жатқан экономика салаларында жоғары дәрежелі мамандардың жетіспеушілігі байқалады. Сондықтан, заман талабына сай қазіргі уақытта білім берудің инновациялық әдістерін енгізуге көп кеңіл бөлініп егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда Демек, еліміздің ғылыми әлеуетін нығайту, ғылымға негізделген экономикаға көшу орнықты экономикалық дамуға және Қазақстанның әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге, сондай- ақ әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың ауқымды мәселелерін шешуге ықпал ету жолында ғылым мен инновациялық дамуды үйлестіруге, мамандәр әлеуетінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, ғылым инфрақұры- лымын жаңғыртуға және одан әрі дамытуға бағытталатын реформаларды терендетуде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті оқытушы-профессорпар құрамы мен студенттері аянбай еңбек етуде. Яғни:

  • ҚазҰУ-дың жаңа инфрақұрылымында тәжірибелі зертханалар құру арқылы бизнес-құрылымдар мен университеттің мемлекеттік-жекеше әрінтестігін дамытуды, ғылыми-зерттеу жұмыстарын қаржыландыруға тартуды, ғылыми нәтижелерді коммерцияландыруды жетілдіру.
  • студенттер мен оқытушылардың халықаралық академиялық мобильділігін арттыру -бәсекелестікке төтеп беретін біріккен ғылыми-зерттеу жұмыстарын табысты еткізу мақсатында INTAS, TЕМПУС, HАTO МНТЦ секілді халықаралық қорлармен ын- тымақтастық аясын кеңейту;
  • Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың алдыңғы қатарлы халықаралық зерттеу уни верситеттерінің деңгейіне бағытталган білім беру бағдарламаларын трансформациялау арқылы халықаралық білім беру кеңістігіне кіру тұжырымдамасын жүзеге асыру;
  • Танымал әлемдік агенттіктерде білім беру бағдарламаларын халықаралық ак- кредитациядан өткізу және оқытушылар мен мамандарды халықаралық сертификаттау;
  • әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да көпсалалы білім берудің құзыреттілік пен тұлгага бағытталган жаңа моделін енгізу;
  • ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесін көтеру мақсатында университеттің ғылыми жұмыстарының нәтижесін экономиканың нақты секторына енгізу жане интеграциялау мақсатында әлемнің жетекш университеттерімен бірігіп, ғылыми-зерттеу жобаларын жасау;

        Ғылыми еңбектерінің ең әйгілісі «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жайлы» «трактаты негізіндегі ғылыми-инновациялық жоба дана бабамыз суреттеген идеалды қоғамның кескінін бейнелейтін, әлі де болса жас, қалыптасып келе жатқан ел болсақ та тура осы бағытқа қадам басып келе жатқанымызды айқындайды. Өйткені еліміздің алдына мақсат етіп қойған қай бағдарламасын алсаңыз да осы ұстанымдарға негізделгені анық. Елімізде жеделдетілген индустриялық инновациялық даму бағдарламасы қабылданды. Ол республикамыздың барлық тұрғындарын қамтиды. Осы жерде жаңалықтарды ендіріп, оны одан әрі Қазақстан бойынша тарату керек. Университет пен жоғары білім беру мен ғылым жүйесінің алдында тұрган стратегиялық міндеттерді орындау аясындағы ауқымды іс-шараның бірі «AL-FARABI UNIVERSITY SMART CITY» ғылыми-инновациялық жобасы. Аталған жобаның маңыздылығы сол — білім ордасы көрнекті ойшыл, ірі ғалым, философ және шы- ғыс аристотелизмінің ең ірі өкілі әл-Фараби атын арқалап жүргендіктен, ғалымның армандаған және ойлаған мақсаттарын жүзеге асыру.

          Ал «AL-FARABI UNIVERSITY SMART CITY» ғылыми-инновациялық жобасы қандай  жолмен іске асырылмақ?

         Осы мәселелер тұрғысында 19 мыңға жуық білім алушылар мен 4 мыңға жуық маман-қызметкерлерге қызмет керсететін ҚазҰУ ақпараттық технология департаменті мамандарымен жасалған «Универ» жүйесі. Бұл жан-жақты идеяның мазмұны білім бе- ру жағынан да, әдістемелік және ақпаратты ұсыну турасынан да инновациялардың болуын көздейтін жүйе.Яғни, жобаны іске асыру — бұл жаңа экономиканы жасауға бастар, сапалы білім алған — бәсекелестікке тетеп бере алатын ғалым және кәсіби біліктілігі жоғары мамандар даярлауға апаратын жол. Әл- Фараби атындағы ҚазУ қазір әлемдік ЖОО қауымдастығы аясында белсенді түрде қызмет жасап келеді. Яғни, ғылыми-инновациялық жобаларды дамытумен салыстырғанда маңыздылығы жағынан кем түспейтін технологиялық деңгейі жоғары ғылыми жобаларды жүзеге асыруға жетті. Бұл халықаралық тәжірибеде, әрі оны өз елімізде белсенді түрде өндіріске ендіретінімізге мүмкіншілік берді. Алайда, инновациялар қаншалықты көп қатысушысы болса, соншалықты жоғары нәтижесі көрінетін үр- діс екендігін түсінуіміз қажет. Нәтижелі болу — оңтайлы басқаруды талап етеді.

        «AL-FARABI UNIVERSITY SMART CITY» ғылыми-инновациялық жобасын жүзеге асыру бүтін Қазақстанның және ЖОО-дары арасында ауқымды «инновациялануының» қозғаушы күшіне айналуы қажет. Адамзат баласы бірнеше ғасырдан бері армандап келген Жерұйық қоғамда халықтың ауызбірлігі мен ынтымағы, жігері мен әлеуетін жігерлі де дара тұлға басшымен үйлестіре отырып жетуді басты мақсат етіп қоюымыз керек. Өйткені тарих жолында не бір азапты жолдармен жүріп өткен қазақ халқы «Қайырымды қаланың тұрғындары» болуға сезсіз лайық.   Біз ҚазҰУ қалашығына келген әрбір жас өздерінің идеяларын қалдырып, оларды міндетті түрде жүзеге асыруына, өздерінің саналық, қаржылық және еңбек капиталдарын Қазақстанның игілігі үшін жұмсауларына барлық жағдайлар жасаймыз. Ал сондай білімді жастар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да көптеп тартылуына қарай, ҚазҰУ қалашығы да дамудың қарқынды жолына түспек. Біз осындай зияткерлігі, білімі жоғары жастардың көптеп шоғырлануына жеткен кезде және олар бір-бірімен пікір таласып, тәжірибе алмасқанда инновациялық оңалыс тұрақты құбылысқа айналады. Міне, ойшыл, ірі ғалым, философ және шы- ғыс аристотелизмінің ең ірі өкілі әл-Фараби армандаған және ойлаған мақсаттарын жүзеге асыруға қол жеткіземіз.

Ақболатова М.Е. Мұхамадиева Г.Н.

Досымбекова М.Т. Тлепбергенов.О.Н

Ерғали. Ә.М.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің

 қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және

криминалистика кафедрасы

КЕЛЕШЕККЕ ЖОЛ АШУ – БҮГІНГІ ТАҢДАУДАН

Бүгін еліміздің жетекші университеті әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің...

Мемлекеттік тіл – Мәңгілік Елдің мәңгілік тілі

Мемлекеттік тіл – ұлттың бірегейлігін айқындайтын, елдің тәуелсіздігі мен...

Алқабилердің қатысуымен іс жүргізу қағидалары

Қазақстан Республикасының алқабилер туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi....

Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі

Бала тәрбиесі – қоғамның болашағын айқындайтын ең маңызды мәселелердің...

На один день – бухгалтеры

В НАЧАЛЕ НОВОГО ГОДА УСТЬКАМЕНОГОРЦЫ, ИМЕЮЩИЕ СВОЙ БИЗНЕС, СТАЛИ...