Тіл – қай мемлекеттің болсын егемендігі мен тұтастығын айшықтайтын басты белгінің бірі.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілдің құқықтық мәртебесі Конституцияның 9-бабында мемлекеттік тіл – қазақ тілі екені анық шегеленген.
Бұл норма сот жүйесінің де қызметінде негізгі бағдар болып табылады. Бүгінгі сот реформасының мақсаты – халықтың сотқа деген сенімін арттыру және «Заң мен Тәртіп» қағидатын толыққанды жүзеге асыру. Ал бұл мақсатқа сот ісін жүргізу тілін заң талаптарына сай, сауатты да еркін қолданбайынша жету мүмкін емес.
Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс (бұдан әрі – ӘРПК) мемлекеттік басқару саласындағы жария-құқықтық қатынастарды реттеумен қатар, әкімшілік істерді сотта қараудың тәртібін белгілейді.
Осыған байланысты әкімшілік сот ісін жүргізуде қазақ тілін қолдану тек тіл мәселесі емес, сонымен бірге азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін қамтамасыз ететін маңызды құқықтық кепілдік болып табылады.
Статистикалық мәліметке сүйенер болсақ,
Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 1 бабында егер осы Кодексте өзгеше тәртіп көзделмесе, әкімшілік сот ісін жүргізуде Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің ережелері қолданылатындығы түсіндірілген.
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 14 бабының 2 бөлігіне сәйкес сот ісін жүргізу тілі сотқа талап қою берілген тілге байланысты сот ұйғарымымен белгіленеді. Сол бір азаматтық іс бойынша іс жүргізу бастапқы белгіленген сот ісін жүргізу тілінде жүзеге асырылады.
Істі сот талқылауына дайындау кезінде екі тараптың да жазбаша өтінішхаты бойынша сот ұйғарыммен сот ісін жүргізу тілін өзгертуге құқылы.
Егер істі бірінші сатыдағы сотта қарауға дайындау барысында талап қоюшының өз өкілі талап қою берген тілді білмейтіні анықталса, онда сот талап қоюшының жазбаша өтінішхаты бойынша сот ісін жүргізу тілін өзгерту туралы ұйғарым шығарады деп көрсетілген.
Әкімшілік істер бойынша әкімшілік талап қою адвокаттармен, заң консултанттарымен беріліп жатады.
Яғни көп жағдайда адвокаттармен, заң консултанттары мемлекеттік тілді біле тұра әкімшілік талапты орыс тілінде беріп жатыратыны жасырын емес.
Яғни сот отырысын өткізу барысында барлық тараптар қазақ тілін меңгерген болсада іс жүргізу тілі әкімшлік талап берілген тілге сәйкес жүргізіледі.
Істі орыс тілінен қазақ тіліне ауыстырып жататын жағдайларда аза емес.
Статистикалық мәліметтерге сүйенер болсақ 2023 жылы 131 әкімшілік талап қою, 2024 жылы 246 әкімшілік талап қою, 2025 жылы 286 әкімшілік талап қою, 2026 жылдың 8 айы қорытындысы бойынша 190 әкімшілк талап қою мемлекеттік тілде берілген. Яғни, мемлекеттік тілде түсетін әкімшілік талап қоюлардың саны артып келе жатырғаны қуантады.
Әкімшілік істерде қазақ тілін қолдану деңгейі артқанымен, тәжірибеде бірқатар мәселелер әлі де кездеседі. Олардың қатарында құқықтық терминологияның бірізді болмауы, кейбір процестік құжаттардың сапалы аударылмауы, қазақ тіліндегі құқықтық әдебиеттер мен практикалық материалдардың жеткіліксіздігі сияқты мәселелерді атауға болады.
Әкімшілік сот ісін жүргізуде қазақ тілін қолдану – мемлекеттік тілдің мәртебесін қамтамасыз етудің ғана емес, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғаудың да маңызды тетігі. Қазақ тілін тиімді пайдалану әкімшілік сот төрелігінің қолжетімділігін, түсініктілігін және сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Азаматтың өз құқықтары мен талаптарын қазақ тілінде еркін білдіруі, сот құжаттарын түсінуі және мемлекеттік органның шешімдеріне құқықтық баға бере алуы – әділ сот төрелігінің маңызды элементтері.
Сондықтан әкімшілік істерде қазақ тілінің қолданылуын одан әрі дамыту тек сот органдарының ғана емес, барлық мемлекеттік органдардың, құқық қорғау саласының мамандары мен заң қоғамдастығының ортақ міндеті болып табылады.
Мемлекеттік тілдің әкімшілік сот ісін жүргізудегі орны нығайған сайын азамат пен мемлекет арасындағы құқықтық коммуникация да сапалы деңгейге көтеріледі.
Сөзімді Қазақ жазушысы Ғ.Мүсіреповтың мына бір мақалымен қорытындылағым келіп отыр.
Тілден биік асқар жоқ,
Тілден асқан байлық жоқ,
Тілден терең теңіз жоқ.
Ақтөбе облысының мамандандырылған
ауданаралық әкімшілік сотының судьясы
С.Қ.Табанов


