Әкімшілік әділетке 5 жыл

Әділ сот мемлекеттің берік тірегі ретінде қызмет атқарады. Жеке тұлғалар мен кәсіпкерлердің құқықтарын тиімді қорғауға мүмкіндік беретін әкімшілік әділет құрылды.
2021 жылдың 01 шілдесінде елімізде әкімшілік соттары өз жұмысын бастап, еліміз үшін үлкен жаңалық болғаны баршаға белгілі. Осы бес жыл ішінде әкімшілік әділеттің қоғамға әкелген жаңашылдығы көп деуге болады. Осы уақыт ішінде әкімшілік әділет мемлекеттік органдармен арадағы дауларда азаматтардың құқықтарын қорғаудың тиімді құралы болып табылды. Жария-құқықтық даулардың басым бөлігінде жеке және заңды тұлғалар тарапынан түскен талап-арыздар қанағаттандырылып, бұл өз кезегінде халықтың әкімшілік әділетке деген сенімін нығайтты. Мәселен, Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 5 жылдағы статистикалық мәліметіне келер болсақ, 2021-2026 ж барлығы 6128 әкімшілік іс түсіп, оның 1200-ге жуығы шешіммен қанағаттандырылған. Сонымен қатар осы 5 жылда әкімшілік сотымен түсіндірме жұмыстары бойынша бірнеше шаралар өткізілді. Атап айтқанда, 118 семинар сабақтары, мемлекеттік мекеме өкілдерінің қатысуымен 60 дөңгелек үстелдер, судьялар және мамандар телеарналарда 40-қа жуық сұқбаттар берді, жас заңгерлерге 20 дәрістер оқылды, желі қолданушыларына 13 тікелей эфирлер өткізді, республикалық, облыстық және аудандық басылымдарда 265 мақалалар шығарылды, фейсбук парақшаларда судьялармен 373 жарияланымдар (пост) жарияланды, 1 меморандум, 1 ашық есіктері өткізілді, радиоларда 14 сұқбаттар берілді, түсіндірме жұмыстары және атқарылған шаралар бойынша 115 бейнетүсірлімдер әзірленді.
Баршаңызды Әкімшілік әділеттің 5 жылдығымен құттықтай келе, қысқаша өлең жолдарын арнаймын.

Әкімшілік әділетке 5 жыл толды мінеки,
«Халық үні құлақ асты» нақты шешім, әділ би!
Тұрғын дауы, кезек дауы, жер дауы деп келгендер,
Әділеттің бастаманың жақсаруына сенгендер.

Азаматтар, кәсіпкерлер құқықтары қорғалды.
Сот талабын орындамай, жауапкерлер шара алды.
Әкімшілік жаңашылдық қызметтері мақталып,
Еліміздің дамуына, жақсаруына жол алды.

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының бас маман — сот отырысының хатшысы Анар Шекенова

Құқықтық мәдениетті қалыптастырудағы соттардың рөлі

Құқықтық мәдениет – қоғам мүшелерінің заңды құрметтеуі, құқықтық нормаларды...

Кассациялық соттардың құрылуы мен олардың қызметі

Қоғамда әділеттілік орнауы – кез келген құқықтық мемлекеттің басты...

Андрей Кукушкин: Алматы тау кластері экономикаға қызмет ететін кез келді

Танымал PR-шы, Еуразиялық тау курорттары альянсының бас хатшысы әрі...

Сила партнерства: как Гражданский Альянс Казахстана строит цифровую демократию

Гражданский альянс выступает главным мостом между государством и обществом....