Әдеп жөніндегі уәкілдердің негізгі функцияларының бірі – бұзушылықтың алдын алу

            Әдеп жөніндегі уәкілдердің негізгі функцияларының бірі ол мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша консультациялық көмек және мемлекеттік қызметшілердің заңдарда белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауына ықпал етеді.

            Бұзушылықтардың алдын алудың бірден бір құралы ретінде түсіндіру жұмыстарын айтуға болады.

Бүгін, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің әдеп жөніндегі уәкілі Нұжан Узбехановпен Департаментке әкімшілік қызметке алғаш рет кірген жас мемлекеттік қызметші Рахат Бастархановпен:

— сыбайлас жемқорлыққа қарсы және мемлекеттiк қызметте болуға байланысты шектеулерді сақтау: 

1) педагогтiк, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтi қоспағанда, басқа да ақы төленетін қызметпен айналысу;

2) кәсiпкерлiк қызметпен айналысу; 

3) өзi қызмет iстейтiн не өзiне тiкелей бағынысты немесе өзiнiң тікелей бақылауындағы мемлекеттік органда үшiншi тұлғалардың істерi бойынша өкiл болу; 4) өзiнiң қызметтiк жұмысын материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз етуге арналған құралдарды, басқа да мемлекеттiк мүлiк пен қызметтiк ақпаратты қызметтiк емес мақсаттарда пайдалану; 

5) ереуiлдi қоса алғанда, мемлекеттiк органдардың қалыпты жұмыс iстеуiне және лауазымдық мiндеттердi орындауға кедергi келтiретiн әрекеттерге қатысу; 

6) лауазымдық өкiлеттiктерiн атқаруына байланысты азаматтар мен заңды тұлғалардың көрсетілетiн қызметтерін жеке мақсаттарында пайдалану;

— мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебінің стандарттарын сақтау;

— мүлікті сенімгерлік басқаруға беру мәселелері бойынша  оқыту жұмыстары  ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, Департамент қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және мемлекеттік қызметке туралы заңнамларға енгізілген өзгерістермен, іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау, ойын мекемесіне барудан тартыну және  әріптестерге өзінің діни нанымдарын таңбау, қол астындағы қызметшілерді діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлемеу мәселелері бойынша түсіндіру жұмысары ұйымдастырылды.

Аталған бағытта жұмыс жалғасатын болады.

Нұржан Узбеханов — Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті басшысының м.а.  

Қазақстан соттарында медиация рәсімін қолдану жылдан-жылға артып келеді

Сот жүйесіндегі медиацияның басты артықшылықтарының бірі – дауларды қысқа...

Кассациялық сот жүйесі

Сот – мемлекеттегі заңдылық пен қауіпсіздіктің тірегі. Азаматтардың мемлекеттегі...

ЗАҢҒА ҚЫЗМЕТ ЕТУ — ҚОҒАМҒА ҚЫЗМЕТ ЕТУ

24 маусым күні еліміздің судьялар қауымдастығы Судья күнін атап...

Открытость и доступность уголовного судопроизводства для граждан

В современном обществе открытость и доступность уголовного судопроизводства являются...

Аумақтан тыс соттылық: әділ соттың кепілі

​Қоғамда әділдік орнатудың басты тетіктерінің бірі – сот жүйесі....