12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Әдеп кодексінің талаптарын сақтау міндет

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік қызметшілерге қатаң талап пен жауапкершілік жүктейді. Мемлекеттік қызметкерлердің әдеп кодексінің талаптарын, сондай-ақ, заңмен белгіленген шектеулер мен тыйымдарды, еңбек тәртібін, қызметтік киім үлгісін, т.б. нормаларды сақтау нәтижесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптасады. Этикаға жат әдеттерге бой алдырмау әрбір қызметкердің міндеті.  Мемлекеттік қызметшінің имиджі жоғары кәсіби, жеке тұлғалық, моральдық-адамгершілік қасиеттерге негізделген.

Мемлекет басшысы «Сыбайлас жемқорлық сенімді жояды. Сенімсіз мемлекет болмайды, яғни, сыбайлас жемқорлық жай ғана заң бұзушылық емес, бұл қоғамның, әріптестердің және елдің болашағына соққы» деп сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруда Мемлекеттік қызметкерлердің әдеп кодексі маңызды роль атқаратынын, сондай-ақ, оның әрбір қағидасын берік ұстану, халық пен мемлекет алдындағы міндетіне адалдық танытатынына кепіл болатынын айтты. 

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі жолдаулары мен жиындарда мемлекеттік қызметке, оның ішінде сот билігіне кездейсоқ адамдардың еніп кетпеуі жемқорлықтың алдын алуда басты құрал екенін ылғи да қаперге салады. Соттардың Конституциямен баянды етiлген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтiретiн заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi қолдануға хақысы жоқ. Қазіргі күні судьялар мен судьялық қызметке үміткерлерге қойылатын талаптар барынша қатаңдатылды. Бұл өз кезегінде жауапкершілікті одан әрі күшейтеді. 

Судьялардың әдеп кодексімен айқындалғандай, судья сот билігінің беделін түсіріп, абыройына нұқсан келтіретін, сот төрелігінің әділдігі мен бейтараптығына күмән тудыратын жағдайлардан өзін аулақ ұстауы тиіс.  Мысалы, ол сот төрелігін атқаруда қандай да бір сыйлық алудан өзі ғана бас тартпай, отбасы мүшелері мен процеске қатысушыларға да тыйым салуы керек. Сот — әділ төреліктің шыңы, сондықтан, судьялар мен мамандардың қызметтік әдебі адалдық пен кәсібилік, әділдік, ашықтық,  ешкімді кемсітуге жол бермеу, тепе-теңдік, ізгілік, заңдылық секілді қағидаттардан тұрады. Судья жеке таныстық пен байланыстарға талғампаздықпен қарағаны жөн. Судьялардың болмыс-бітімі әділ шешімдерімен бірге отбасы мен қоғамдағы ізгі қасиеттерінен де көрінеді.

Республикамызда сыбайлас жемқорлық пен парақорлыққа қолданылатын жаза түрлері қатаң. Сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне барғандар мемлекеттік қызмет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет ету мүкіндігінен өмір бойына айрылады. Мемлекеттік қызметке әр адам жауапкершілікпен келетіндіктен, ол өзін-өзі кәсіби және адами жағынан үнемі жетілдіріп отыруы керек. Мемлекет болашағына қауіп төндіретін жемқорлықтың жолын кесугеазаматтар тарапынан белсенділік талап етіледі.  Ел заңдары қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбестік ахуалын қалыптастыруға бағытталған. 

Талғат Орынғали,

Наурызбай аудандық сотының төрағасы

Алматы қаласы

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР АЯСЫНДА НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Түркістан қаласында өткен «Қысқы кубок» халықаралық футбол турнирі аясында...

БІЛІМДІ ҰРПАҚ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ ТІРЕГІ

Қазақстан қоғамының бүгінгі даму бағыты – жас буынның әлеуетін...

В учреждении средней безопасности ДУИС по области Абай прошёл конкурс снежных фигур среди осуждённых

В учреждении средней безопасности Департамента уголовно-исполнительной системы по области...

61-ші Венеция биенналесінде Қазақстанды «ҚОҢЫР: архив үні» жобасы таныстырады

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 2026 жылы өтетін...

Олжас Бектенов обсудил с экспертами вопросы развития экономики 

📍 Премьер-министр РК Олжас Бектенов провел встречу с экспертами экономического...