Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультетінде ашық есік күні өтті

Заңгерлік білім әркез беделді, әрі абыройлы мамандықтардың бірі болып саналады. Сол себепті, жастар арасында заңгер мамандығына деген қызығушылық барлық кезде жоғары болып қала бермек. Солай бола тұрғанмен, заңгер мамандығының нақты қыр-сырын әркім жете біле бермейді, тіпті талапкерлердің өздері заңгер мамандығын таңдай отырып оның кейбір басым тұстары мен өзіне тән ерекшеліктері жайлы хабардар болмауы мүмкін.

Жалпы заңгер мамандығын ең әмбебап мамандықтардың қатарына жатқызуға болады деп есептеймін.Осы жайттарды ескере отырып, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультеті дәстүрлі түрде жыл сайын «ашық есік»күнін өткізеді. 1934 жылы іргетасы қаланған заң факультеті көптеген жаңару мен өзгерістерге толы.Қазіргі таңда заң факультетінде құқықтану және кеден ісі мамандықтары бойынша мамандар білім алуда.Оқу үдерісі орта білім және жоғары білім негізінде жүргізіледі. Сонымен қатар заң факультетінің студенттері магистратура және PhD докторантурасына тапсыруға барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Факультетте 30 докторлар мен профессорлар, 80-нен аса ғылым кандидаттары, доценттер, сонымен қатар ҚР Парламенті, ҚР Үкіметі, ҚР Президенті Әкімшілігі, ҚР Жоғары Соты, Құқық қорғау органдары мен Ғылым Академиясынан жоғары тәжірибелі мамандар қызмет атқаруда. Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы да өз тарапынан заң факультетінің дамуына үлесін қосуда.Заң саласындағы өзекті мәселелері бойынша республикалық және халықаралық конференциялар ұйымдастыруда.Тәжірибе алмасу мақсатында оқытушылар шет ел  мамандарымен де тығыз байланыста.Болашақ оқу бағдарламасы бойынша білімін арттыру мақсатында Ұлыбританияда білім алып жатқан әріптестеріміздің барын ескеріп кетейін.

Сондай-ақ, заң факультеті  Қазақстан студенттері арасында жыл сайынғы республикалық құқықтық олимпиаданың тұрақты ұйымдастырушысы.Заң факультетінде студенттердің даму сатысы заң  тұрғысында ғана емес,шығармашылық  тарапынан да жүргізіледі.Жыл сайын өтетін «Ана тілі аруы,жігіт сұлтаны»,Квн ойындарына, «Ең үздік студенттік топ» т.б. іс-шараларға заң факультеті белсенді қатысады.Таяуда  «Парасат»

кәсіподағының ұйымдастырумен өткен «Денсаулық»спартакиадасында заң факультеті бірінші орынды қанжығалаған болатын.

Заң саласының мамандығын таңдап қана қоймай оны бар жан-тәніңмен қызығып ізденіп, жұмыс жасау әр білікті маманның Отан алдындағы парызы деп  білемін. Себебі біздің мамандық адам өмірінің кепілі іспеттес. Шынайы және әділетті шешімдер қабылдауға,тәртіп орнатуға,адам өмірінің қауіпсіздігіне тікелей жауапты тұлғамыз,қоғам алдында артылар міндетте мол.Қорыта келгенде мемлекет алдында, Ата заңымыз алдында жауапкершілікті сезіну керек, заңгер мамандығын таңдау адам бойындағы патриоттық сезімді арттыруға мүмкіндік береді.Егер сен заң саласының маманы болғың келсе,біздің қара шаңыраққа оқуға кел, болашақ әріптес!

Мухамадиева Гүлжан Нүсіпжанқызы  Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультеті қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының доценті,з.ғ.к

Марат Самат-заң факультетінің студенті

Символ традиций в экоисполнении: в Алматы показали седло из переработанных материалов

На площади перед выставочным центром «Атакент» прошел масштабный фестиваль...

Методы разные, а результат один

В АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ ЗАФИКСИРОВАНЫ НОВЫЕ СЛУЧАИ ТЕЛЕФОННОГО И ИНТЕРНЕТМОШЕННИЧЕСТВА,...

Когда домбра – часть жизни 

ИМЯ ЮНОГО ДОМБРИСТА ИЗ КОКШЕТАУ АБЫЛАЙХАНА САМАТА ИЗВЕСТНО ДАЛЕКО...

Современные немецкие технологии 

В ЗЕРЕНДИНСКОМ РАЙОНЕ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ БЛИЗИТСЯ К ЗАВЕРШЕНИЮ СТРОИТЕЛЬСТВО...

Используя трудовые ресурсы

ИЗУЧАЯ СФЕРУ ТРУДА И ЗАНЯТОСТИ, ОДНА ИЗ ПЛАТФОРМ ДЛЯ...