12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Жемқорлықты жою басты мақсат!

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мəселе.  Өйткені парақорлық елді дамытпайды, пара бар жерде еш жоба сәтті жүзеге аспайды. Мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады. Сондықтан кез келген қоғамда жемқорлықтың жолын кесу қажет. Елімізде жемқорлықтың жолын кесу үшін заңдар да қабылданған. Мәселен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер жүзеге асып, қоғамымызда жемқорлықтың жолын кесуге бар күш салынуда.

       Қазақстан Республикасының да мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі — осы дертпен күресу болып табылады. Жемқорлықтың жолын кесу үшін елімізде көптеген жұмыстар жүзеге асуда. Қоғамымызда ашықтық, жариялылық қағидаттарына басымдық берілуде.

         Қоғамның əр мүшесі сыбайлас жемқорлықты қоғамдық жəне əлеуметтік жамандық деп қабылдаған жағдайда ғана қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мəдениеті қалыптасады.Сот жүйесіндегі сбайлас жемқорлықтың алдын алау бүкіл судьялар корпусы мен сот жүйесі қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу ісіндегі белсенді ұстанымына байланысты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимыл жасау сот жүйесінің табысты әрі нәтижелі жұмысының, сондай-ақ халықтың сотқа деген сенімінің артуының кепілі болып табылады. Осы ретте сот жүйесі қызметкерінің ашықтығы, жұртшылықтың олардың қызметіне қол жеткізуі, соттардың қызметінің анықтығы, сондай-ақ кез келген деңгейде сыбайлас жемқорлық көріністеріне үзілді-кесілді ымырасыз болу сыбайлас жемқорлықтың алдын алу ісіндегі ең әсерлі шара болып табылады.       

          Қорыта айтар болсақ, еліміздің  Президенті алға қойылған міндеттерін іске асыру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы соттардың қоғам мүшелерінің бірлесіп жұмыс істеуі елімізді өркендетуге жəне азаматтарымыздың əл-ауқатын арттыруға мүмкіндік береді. Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ! Олай болса, баршамыз бұл іске бір кісідей атсалысайық дегім келеді.

Алмабекова Кульмира Абиловна, Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының судьясы

Традиции и обычаи нашей земли

Шымкент – это один из крупнейших и наиболее развитых...

Все для комфортной жизни

Открытие четырех новых домов культуры в жилых массивах Кайнарбулак,...

Жаңа кассациялық сот

 Мемлекет басшысы 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қылмыстық, азаматтық...

Сохранить общенациональное согласие

Наша страна является приверженцем мирной многовекторной стратегии, которая осуществляется...

Ориентир на интересы граждан

В нашей стране созданы и продолжают создаваться все необходимые...