spot_img
spot_img

Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі бойынша кеңес

Сот әкімшілігінің Атырау облысы бойынша департаментінде департамент басшылығы, жауапты қызметкерлер, аудандық және оған теңестірілген соттар әкімшілерінің басшыларының қатысуымен Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімін (әрі қарай ӘІБТ) жүргізу мәселелері бойынша кеңес өтті.

Кеңес барысында ӘІБТ ақпараттық жүйесінің ерекшеліктері, электронды істердің сотқа жолдану тәртібі, олардың тіркелуі мен бөлінуі, техникалық мүмкіндіктері және басқа да өзекті мәселелер талқыланды.

«Бүгінгі күнге дейін пилоттық жоба шеңберінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы электрондық істер соттарға полиция органдарымен жолданды. Ағымдағы жылдың 3 тоқсанынан бастап барлық мемлекеттік органдармен сотқа істер ӘІБТ арқылы жолданады. Соттар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің талаптарын сақтап, ӘІБТ жүргізу тәртібін басшылыққа алып, электрондық істерді негізсіз қайтаруға жол бермеулері қажет», — деді ұйымдастыру-талдау бөлімінің бас маманы А.Иманбаев.

Ұйымдастыру-талдау бөлімінің басшысы Б.Қаражанов өз баяндамасында аудандық және оларға теңестірілген соттардың талдамалық қызметінің басқа да тұстарына тоқталды.

Атап айтқанда, әкімшілік істер даулары санаттары бойынша мониторинг жергілікті соттардың сайлау, салықтық, монополияға қарсы заңнамаға қатысты дауларды басқа даулар санатына жатқызғанын көрсетті. Ал, «Төрелік» ақпараттық жүйесінде олар бойынша жеке санаттар қарастырылған.

«Санатты дұрыс таңдамау барлық әкімшілік сот ісін жүргізудің статистикалық есептілігінің бұрмалануына әкеп соғады. Сондықтан жергілікті соттар нұсқаулықты қатаң ұстанып, даудың санатын дұрыс анықтауы қажет, ал дұрыс еместігі анықталған жағдайда жіберілген бұзушылықтарды жою бойынша жедел шаралар қабылдағаны жөн», — деп қорытындылады Б.Қаражанов.

Кеңес қорытындысы бойынша қатысушылар облыстық соттың Оқу орталығы базасында ӘІБТ жүргізу мәселелері бойынша семинарлар өткізу қажеттілігі туралы пікірге келді.

Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі

Мемлекеттік қызметшілердің этикасы

Мемлекеттік қызметке мемлекет атынан және оның мүддесі үшін мемлекеттік...

Үш дербес Кассациялық сот жұмысын бастайды

Әрбір демократиялық, зайырлы мемлекеттің басты міндеттерінің бірі –елде заңның...

Ел дегенде емірен, тіл дегенде тебірен

"Ел дегенде емірен, тіл дегенде тебірен",- деп Қадыр ақын...