12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ӘКІМШІЛІК ПРОЦЕСТЕГІ ТАТУЛАСТЫРУ РӘСІМДЕРІ

           Әкiмшiлiк әділет – мемлекет, қоғам, адам мүддесіне тың бетбұрыс жасаған ауқымды және тың институт. Елімізде осы бағыттағы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттар (бұдан әрі – әкімшілік сот) құрылып, өз қызметін бастағалы бері екі жылға жуық уақыт болды.

           Әкімшілік рәсімдік – процестік кодекс (бұдан әрі — ӘРПК) Қазақстан Республикасының салалық заңдарында реттелмеген бөлігінде әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыруға байланысты қатынастарды реттейтініне назар аударсақ, әкімшілік сот осы аталған мемлекеттiк басқару қатынастарынан туындайтын жария-құқықтық  дауларды қарайды және шешеді.

           Міне, осы жария-құқықтық дауларды шешудiң ерекше, жаңашыл тетіктерінің бірі —  дауды татуластыру рәсімдерін жүргізу арқылы реттеу болып табылады.

           Татуластыру — жария билік  органдарының  жұмыс  сапасын  көтеруге ықпал жасауға бағытталған әкімшілік әділет институтының тиімді инструменттерінің бірі.

           Әкімшілік сот ісін жүргізуде сот (судья) процестің бүкіл сатысында тараптардың татуласуы үшін шараларды қабылдайды, оларға  дауды  реттеуге  жәрдемдеседі.

           Әкімшілік сот ісін жүргізудің барлық сатысында (кезеңінде) сот шешім шығаруға кеткенге дейін тараптар татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасасу арқылы әкімшілік істі толығымен немесе ішінара аяқтай алады (ӘРПК-нің 120, 121- баптары).

           Медиация – тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында медиатордың (медиаторлардың) жәрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды (дау-шарды) реттеу рәсімі.

           Ерекшелік — әкімшілік сот ісін жүргізуде медиацияны судья жүргізе алады.

           Тараптардың өтінішхаты бойынша медиацияны, татуласу рәсімін әкімшілік іс өзінің іс жүргізуіндегі судья жүргізуі мүмкін. 

           Ал, партисипативтік рәсім судьяның қатысуынсыз «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес екі тарап адвокаттарының не заң консультанттары палатасының мүшелері болып табылатын адамдардың жәрдемдесуімен дауды реттеу бойынша тараптар арасында келіссөздер жүргізу арқылы өткізіледі.

           Татуластыру рәсімдерінің негізгі шарттары:

           1. Жауапкердің (әкімшілік орган, лауазым иесі) әкімшілік қалауы болған кезде ғана тараптардың татуласуына жол беріледі.

           2.  Келісім тараптардың еркі негізінде түрде, жазбаша нысанда жасалады және оған тараптар немесе олардың өкілдері қол қояды.

           3. Татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім мәжбүрлеу тәртібімен орындаушылық талаптарға сай келу керек.

           4. Келісім тараптарды татуластыратын шарттарды, сондай-ақ сот шығыстарын, оның ішінде өкілдер көрсеткен қызметке ақы төлеуге арналған шығыстарды бөлу тәртібін қамтиды.

           5. Келісім, оның шарттары заңға қайшы келмейтін, басқа да адамдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін бұзбайтын болу керек.

              ӘРПК талаптарына сәйкес татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімді бекіту мәселесі сот отырысында немесе алдын ала тыңдауда қаралады, нәтижелері бойынша сот осындай келісімді бекіту не одан бас тарту туралы сот  ұйғарым шығарады.

          Соттың келісімді бекіту туралы ұйғарымында талап қоюды толығымен немесе тиісті бір бөлігінде қайтару туралы көрсетіледі.

           Ағымдағы 2023 жылдың 5 айында Шымкент қаласының әкімшілік сот өндірісіне түскен барлығы 236 әкімшілік істің 43- і бойынша татуластыру келісімдері  (27- татуласу, 16-  медиация) жасалып, бекітілді.

           Оның ішінде:

           — 20-ы  жеке сот орындаушылардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) дау келтіру туралы талап қоюлар бойынша,

           —  3  — салық даулары бойынша,

           —  3 — жер даулары бойынша,

           —  1 — монополияға қарсы қызмет саласындағы даулар бойынша,

           —  2 — сәулет және құрылыс саласындағы  даулар бойынша,

           —   1 — әділет департаментінің әрекетіне дау бойынша,

           —   1 — тұрғын үй қатынастарына қатысты дау бойынша,

           —   5 —  Мемлекеттік корпорацияның әрекетіне даулар бойынша,

           —   7 – басқадай даулар бойынша.

           Бір мысал. А. бірнеше жыл қатарынан денсаулығына байланысты  «мүгедектік» айқындалғанын, 2023 жылғы сырттай жүргізілген медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысымен «мүгедектігі» алынып тасталғанын, бұл шешіммен келіспейтінін көрсетіп, сотқа талап қою берген.

           Сот тараптармен татуласу рәсімін жүргізіп, нәтижесінде дау   татуласу келісімін жасасумен аяқталды. Яғни, жауапкер Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Шымкент қаласы бойынша Департаменті талап қоюшыны нозологиялық диагнозы негізінде бейімді маманның қатысуымен  көзбе-көз қарап, қайта куәландыру жүргізуге міндеттенді. Сотпен татуласу келісімі  бекітілді,  талап қою қайтарылды. 

           Сот ұйғарымы заңды күшіне енді.

           Осылайша, сот тәжірибесі мемлекеттік органдармен дауды татуласу рәсімдерін жүргізу арқылы мүмкіндіктері бар екенін дәлелдеп отыр.

           «Бітістірер жан болса, бітіспейтін дау жоқ».

           Осы басылымды пайдалана отырып, мемлекеттік органдарды, лауазым иелерін әкімшілік рәсім жүргізуде ӘРПК қағидаттары мен талаптарын қатаң сақтауға, сонымен қатар дауды татуластыру рәсімдерін қолдану арқылы реттеудің мүмкіндіктерін барынша қарастыруға шақырамын.

           Шымкент қаласының МАӘС  судьясы Т.Үмбетова

Интернет алаяқтарынан сақ болыңыз

Алаяқтық дегеніміз- бағзы заманнан бері адамзат баласымен бірге жасап...

Сот төрелігінің үнсіз қаһарманы: Сот отырысының хатшысы

Қоғамда әділдіктің темірқазығы саналатын сот жүйесінің әрбір мүшесі өз...

Талап болса, тіл тұғыры биіктейді

Қазақ тілі – қазақтың жаны, халықтың ең қадірлісі. Тілді...

Эксаумақтық соттылық және оның процестік ерекшелігі

Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен...

Қазақ тілінің бүгінгі тағдырына біз жауаптымыз

«Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан...