Әйтеке би ауданында пробация есебіндегі сотталғандарды жұмыспен қамту мәселелері қаралды

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты Әйтеке би аудандық пробация қызметі аудандық жұмыспен қамту орталығының мамандарымен бірлесіп, пробация есебінде тұрған сотталғандарды жұмыспен қамту мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізді.

Басқосуда қолданыстағы заңнамаларға сәйкес сотталғандарды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуы және олардың жұмыспен қамтылуы туралы есептер тыңдалды.

Аталған іс- шара бұған дейін жасалған меморандум шеңберінде ҚР ҰКП «Атамекен» Ақтөбе облысының Әйтеке би аудандық филиалының ғимаратында жалғасын тауып, аталған филиалдың директоры Е.Р.Бозбетов сотталғандарға кәсіпті дамыту, олардың кәсіпке деген қызығушылығын ояту, осы бағытта білім беру, сонымен қатар өз кәсібін ашуларына көмектесу, әлеуметтік бейімделулеріне әсер етуіне негізделінген іс-шараларды арттыру туралы кеңінен әңгімелеп берді.

Гүлфайруз Төремұратова,
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің баспасөз хатшысы

«ZEREN photo fest»: кәсіби фототілшілер ЕҰУ студенттеріне шеберлік сабағын өткізді

17–18 қазан күндері Зерендіде дәстүрлі «ZEREN photo fest» фотофестивалі...

Цифрландыру жағдайындағы сот архиві

Қазіргі қоғам дамуының негізгі үрдістерінің бірі – қарқынды дамып келе жатқан цифрландыру үдерісі. Осыған байланысты соттарда электрондық сот ісін жүргізу енгізіліп, құжаттарды сақтау, есепке алу және пайдалану үдерістерін жетілдіру мақсатында электрондық архив...

ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ ҰСТАЗЫ – ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН

Ұлы ағартушының туғанына 185 жыл Қазақ халқының тарихында елдің рухани...

Государственная служба: новые правила, новые возможности

Новый Закон Республики Казахстан «О государственной службе» вступил в...

Призвание – спасать: кинолог Алмас Жандаулетов

 Кинологическим подразделением оперативно-спасательного отряда ДЧС Туркестанской области руководит Алмас...