spot_img
spot_img

Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы БҰҰ конвенциясының негізінде «Әйелдердің саяси құқықтары»

Жалпы әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенция (1992ж.) Біріккен Ұлттар Ұйымы қолданған тұжырымдамаға сүйене отырып, «әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты»  «адам құқықтарын бұзу және әйелдерге қатысты кемсітушіліктің бір түрі» ретінде анықтайды.

Жалпы гендерлік теңдікке 1979 жылдардан бастап бет бұрыла бастады. БҰҰ-ға мүше жер бетіндегі 187-ден аса мемлекет әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық түрін жою жөніндегі конвенцияны қабылдады. Оның ішінде біздің еліміз де бар. Еліміздің Ата Заңында адамды жынысына қарап кемсітуге тыйым салынған. Қазақстан Республикасының Ата заңының 14-бабы 2-тармағында: «Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды» делінген.

Қоғам тарапынан қаншама қолдау болып жатқанына қарамастан, елімізде әйелдерге қатысты күш қолдану істері азаймай тұр. Республикадағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасының  бір бөлігі отбасындағы әйелдің құқығын арттыру болғандықтан, қоғамымызда осы бағыттағы жұмыстарды арттыру қажеттілігі сезілуде. Әсіресе жылдар бойына созылған тұрмыстық зорлық зомбылық оқиғаларының соңының ауыр дене жарақаттарын салумен, қайғылы жағдайлармен аяқталуы ойлантпай қоймайды.

Сондықтан әлі де болса қоғамда әйел­дердің қадірін арттырып, олардың құқығы тиісті деңгейде қорғал­уы үшін көптеген жұмыстар жүргізілу қажет. Ол үшін отбасы құндылығын арттыру, ажырасатын отбасылар санын азайту бағытында да жұмыстарға серпін керек, яғни отбасы институтын жетілдіру қажет. 

Сонымен қатар, көп жағдайларда әйелдердің өздері өзіндік құқықтарға ие екендіктерін түсіне бермейді. Еліміздің заңдарында да әйелдердің құқықтары мен мүдделері ерекше айшықталған. Қылмыстық кодексте адам өмірі мен денсаулығын, ар-ожданын қорғау, әйелдерді кемсіту мен зорлау қылмыстарының кез келген түріне жауаптылық жан-жақты тәптіштеп беріледі.

Сонымен қатар, Қылмыстық кодексте әйелдерге қатысты жазаларға шектеулер қойылған. Қазақстан Республикасындағы еңбек кодексінде әйелдерге, жүкті әйелдерге қатысты мән-жайлар енгізілген. Атап айтсақ, жүкті әйелдерді үстеме жұмысқа тартуға шектеу қойылған. Жүктің әйелдерді еңбек демалысынан шақыртып алуға жол берілмейді. Әйелдер еңбегін ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды немесе қауіпті жұмыстарда пайдалануға тыйым салынады. Осы сияқты әйелдер мен жүкті әйелдерге қарастырылған жеңілдіктер бұл кодексте көптеп кездеседі. Осылайша, әйел құқығын мемлекеттік тұрғыдан қорғау мақсатында нақты іс-шаралар атқарылуда.

Қарағанды қаласының Әлихан Бөкейхан ауданының сотының  

судьясы Д.У. Рахимберлина

Как не стать жертвой финансовой пирамиды

Финансовая пирамида (также инвестиционная пирамида, схема или игра Понци)...

Сот отырысында аудио-бейне тіркеу жүйесін пайдалану ережелері

Осы Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын...

СОТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ — ҚОҒАМНЫҢ ТАЛАБЫ

Сот - кез-келген даудың түйінін тарқатып, әділдігін айтып, тура...

Сот азаматтың тұрғын үй құқығын қорғады

Талап қоюшы 2011 жылдың сәуір айынан бастап «жасына байланысты...

Кассациялық соттың құрылуы және қызметі

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан...