12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Әдеп кодексіндегі мемлекеттік қызметшінің талаптары

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі қоғам өмірінде ерекше рөл атқарады. Ол қоғамның тұрмыс — тіршілігін қамтамасыз етуде және қоғамдық мүдделерді ең үздік және тиімді тәсілмен қанағаттандыруды білдіреді.
Мемлекеттік қызмет қоғам мүдделеріне адалдық танытуға және Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуга ықпал етуге септігін тигізеді. Әдептің қоғамдағы басты қызметі тұлғалық қатынастарды адамгершілік талаптарына сәйкес ретке келтірумен байланысты. Бұл сипатта Әдеп мәдениеттің іргелі бір құрамдас бөлігіне жатады. Мәдениеттің қалыптасу барысында ізгі мінез — құлық белгілері әдептілік талаптарына айналып отырған.
Біздің халқымыздың әдепті де сыйластық қарым — қатынасқа  ежелден — ақ көңіл бөлгендігі баршаңызға белгілі. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан мақал-мәтелдер мен нақыл сөздер де аз емес. Атап айтар болсақ, «Әдептілік иесі — иіліп сәлем бергені», «Ұлық болсаң кішік бол», «Кішіпейділік-кішілік емес кісілік» деген ғажап сөз маржандарында халқымыз ұстанған тәлім-тәрбиенің жүйелі бағдарын меңзейтіні көрініп ақ тұр.
Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебінің стандарттарын белгілейтін Әдеп кодексі қоғамның мемлекеттік қызметшілерге сенімін нығайтуга және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларын алдын-алуға бағытталған. Мемлекеттік қызметтік әдептілік қағидаттарына келер болсақ, адал ниеттілік, адалдық, әділдік ашықтық, сыпайылық болып табылады. Нақтырақ айтқанда, адал ниеттілік — қоғам игілігі үшін мемлекетке кәсіби және жауапты қызмет ету; адалдық — өз міндеттеріне шынайылықпен қарау; әділдік — жеке және заңды тұлғалардың қоғамдық топтары мен ұйымдарына ықпалына қарамастан кез-келген мән жайлар бойынша бір жақты кемсітуге жол бермеу болып табылады. Ал ашықтық — жұртшылдықпен жұмыс істеуге дайын болу және өз іс қимылдарын ашықтығын қамтамасыз ету. Ұжымда түсіністік пен сенім атмосферасын қалыптастыру, сондай-ақ қызметтік әдеп нормаларын сақтау; сыпайылық — азаматтармен әріптестерге дұрыс және құрметпен қарау болып табылады.
Бүгінгі таңда, кей жағдайда, кей мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызметшілердің күнделікті қызметінде мемлекеттік қызметшілерінің талаптарын орындамау, сондай-ақ қарапайым халықпен қарым — қатынас жасау барысында олқылықтар көрініс тауып, халықтың наразылығына алып келіп жатады. Осындай жәйтке тап болмау мақсатында мемлекеттік қызметшілерінің моральдық — адамгершілік бейнесі және іскерлік қасиеттері күшейе түсті. Мемлекеттік қызметшілердің сырт келбеті олардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуге іскерлік пен ұстамдылыққа сай болуы тиіс.
Ақтөбе облысының мамандандырылған әкімшілік сотының мамандары қызметтік міндеттерін орындау кезінде әріптестерге, азаматтарға сыпайы сөйлесіп, құрметпен қарайды. Мәселен, кей жағдайда кеңсеге жүгінген кейбір азаматтар жан-айқайымен, өздерінің уәждерімен келіп жатады. Мұндай жағдайда кеңсе мамандары сабырлылық танытып, сыйластық танытып, заң аясында түсіндірме береді.
 
Сөз соңында айтарым, әрбір мемлекеттік қызметші тікелей халықпен жұмыс жасайтындықтан, оның басты міндеті — әдеп нормаларын сақтап, қарапайым болуды ұстанса деген тілек бар.
 
А.Мамаева, Ақтөбе облысының
мамандандырылған әкімшілік сотының
жетекше маманы

Сот төрелігінің өзекті тақырыбы бойынша тарихқа үңілсек…

         «Қазақ даласындағы сот билігінің мұраты – сот процесіне...

Сот шешімінің орындалуы

Заңды күшіне енген соттың шешімі міндетті түрде орындалуы тиіс....

Тұғыры биік туған тіл

Тіл – ұлттың айнасы, рухтың тірегі, елдіктің ең асыл...

Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, қазақ тілі – мемлекеттік тіл....

Судьяға деген құрмет кемімеуі керек

Тәуелсіздік алған сәттен бері елімізде заңнамаларды жетілдіру, сот саласын...