Ұзақ жыл мемлекеттік қызметте жұмыс жасауға көмектесетін құндылықтар

       Мемлекеттік қызметке жұмысқа орналасқан кезде айлығым 4000 теңгеге де жетпейтін болатын. Міне төтенше жағдайлар саласында  мемлекеттік қызметте жұмыс жасап келе жатқаныма 20 жылдан асты. Осы уақыт ішінде мемлекеттік қызмет  көптеген  өзгерістерден өтті.     

        Қызметке орналасқан  әр қызметкер шыдамдылықты, сауаттылықты, білімділікті, тәртіптілікті, жан-жақтылықты, ізденушілікті, талапкершілікті, жауапкершілікті, адамгершілікті бойына енгізуге тырысқанда ғана жұмыс сапасы көтерілетініне көзім жетті.

        Енді осы қасиеттерге бөлек тоқталып өтсек, «Шыдамдылық» –бұл адамға баға жетпес қасиеттің бірі. Қандай қиын жағдайға төтеп беру, шыдай білу, барлық ауыртпалыққа төзе білудің өзі көп қиындықтан өткізеді.  «Шыдамдылықтың дәмі ащы –жемісі тәтті» -дегендей, барлығы шыдамды болуы қажет.  Ал «Сауаттылық, білімділік» –бұл әрине жұмыстың негізгі бағыты. Хатқа дұрыс жауап беру, әр тапсырманы орындау кезде барлық жағынан мұқият болу, келген хаттарды, құжаттарды бір көргеннен түсіне білу. Оны тереңінен зерттеп, жұмыс сапалығын көтеру.

      Мемлекеттік қызмекер тарапынан «Тәртіптілік»  бар болса, мемлекеттік қызметкердің жұмыстан кешігу, киім үлгісін ұстамау, оқыс қылықтар жасау сияқты бұзушылықтар болмайды. Жұмыс реті де өз тәртіптілігін сақтайды.

       Сонымен қатар  «Жан-жақтылықты, ізденушілікті, талапкершілікті» бойына сіңірген адам, жұмыстың жаңа бағытқа, жақсы, ыңғайлы өзгерістер енгізугде сапасын көтереді.   

       «Талапкершілік, жауапкершілік» -қызметкердің жұмысты уақытынан кешіктірмей орындауына қол жеткізеді.

        Алайда барлық жоғарыда көрсетілген қасиеттері бар қызметкердің адамгершілігі жетіспесе, ол өте қиын жағдай. Адамгершілік –бұл сыйластық, жан ашырлық, адам жанын түсіне білу, қайырымдылық, имандылық. Ол дегеніміз- мемлекеттік қызметкер барлық жағдайларда қарапайымдылықты сақтау керектігі. Себебі, тек қарапайымдылықты сақтай отырып қана, біз  халыққа бір қадамға болса да жақындай түсеміз.

         Жоғарыда келтірілген қасиеттердің қаншалықты көмектескеніне өзім куә.

        Сондықтан осы жазып отырған мақалам жағадан жұмысқа орналасып жатқан қызметкерлерге көмектеседі деген ойдамын.

                               Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың

                      істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 

жетекші маманы Г.Ходжабекова

За два года в Казахстане модернизируют 124 железнодорожных вокзала: уже обновлены 36 объектов

В рамках реализации задач, поставленных Главой государства по развитию...

Твой голос — твои правила: почему референдум-2026 станет главным экзаменом для нового поколения

Политобозреватель Газиз Абишев в ходе экспертной платформы КИСИ «Конституционная...

Ұлттық орталық музейінде «Archive Exhibition 2023–2026» көрмесі ашылды

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде «Archive Exhibition 2023–2026» көрмесі...

Ұлттық орталық музейде Болат Мұхамедиевтің «Қолөнер тарихы» атты ретроспективті көрмесі ашылды

Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейінде көрнекті қазақстандық суретші, ауқымды...