Ұстаздар – болашақтың шамшырағы!

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты 79 мекемесі жанындағы колледж және мектеп ұжымы атынан барша ардақты ұстаздарды кәсіби мерекелері – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздердің тынымсыз еңбектеріңіз бен асқан жауапкершіліктеріңіздің арқасында білім беру мен тәрбиелеу саласында үлкен жетістіктерге қол жеткізіліп отыр. Білім нәрімен сусындатып, тәрбиенің қайнар көзі бола білген Сіздердің әрбір күніңіз – шәкірттер жүрегіне жол табудың жарқын үлгісі.
Ұстаз – қашан да биік әрі мәртебелі тұлға. Сіздер тек білім беріп қана қоймай, адамгершілік пен тәртіпке баулыған, ел болашағын тәрбиелеп отырған жандарсыз. Әсіресе, ерекше жағдайда жұмыс атқаратын білім ордаларындағы еңбектеріңіз – құрмет пен алғысқа лайық.
Сіздерге зор денсаулық, сарқылмас шабыт, отбасылық бақыт және шығармашылық табыс тілейміз! Еңбектеріңіз жана берсін, шәкірттеріңіз үміттеріңізді ақтасын!

Ұстаздар күні құтты болсын!

Құрметпен,
Атырау облысы бойынша
ҚАЖ департаментіне қарасты 79 мекемесінің әкімшілігі

Исполнительная надпись: как защитить права в суде

ЕСЛИ ДОЛЖНИК СВОЕВРЕМЕННО НАПРАВИЛ МОТИВИРОВАННОЕ ВОЗРАЖЕНИЕ, НОТАРИУС ОТМЕНЯЕТ ИСПОЛНИТЕЛЬНУЮ...

Казахстанский детектив и новые ориентиры

ИЗ ГОДА В ГОД КАЗАХСТАН УКРЕПЛЯЕТ СВОЕ ЛИДЕРСТВО В...

Жилье должно быть по карману

АРЕНДА ЖИЛЬЯ В КАЗАХСТАНЕ ЗА ГОД ПОДОРОЖАЛА НА 17,1...

БАСҚА ҚАЛАДАҒЫ СТУДЕНТТІК ӨМІР

Студенттік шақ — әр адамның өміріндегі ерекше кезең. Ал...