ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ – ҰЛЫ ПАРЫЗ

5 қазан – Ұстаздар күні мерекесіне орай Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мекемесінің жеке құрам қызметкерлері өздеріне білім мен тәрбие берген аяулы ұстаздарын арнайы барып, мерекесімен құттықтады.
Атап айтқанда, әділет қатарындағы Бекжалғас Айдана мен әділет кіші сержанты Қожабеков Бағдаулет өздері білім алған колледждеріне барып, ұлағатты ұстаздарына ізгі тілектерін білдіріп, гүл шоқтарын табыстады.
Ұстаз – шәкірт жүрегіне білім нәрін сеуіп қана қоймай, оның өмірлік бағытын айқындауға жол көрсететін, әр жетістігінің артында тұратын қадірлі тұлға. Бүгінде ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында абыройлы қызмет атқарып жүрген жас мамандар үшін де ұстаздарының еңбегі мен берген тәлім-тәрбиесінің орны ерекше.
Кездесу барысында қызметкерлер өздерінің студенттік кезеңдерін еске алып, білім берген ұстаздарына шынайы алғыстарын жеткізді. Ұстаздар да өз кезегінде шәкірттерінің жетістіктеріне қуанып, елге қызмет етіп жүрген азаматтарға ақ тілектерін білдірді.
Ұстазға деген құрмет – білімге деген құрмет. Ал ұстаз еңбегіне деген алғыс – ешқашан өшпейтін жүрек төріндегі сезім.

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТКІЗІЛДІ

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мекемесінде...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРА

Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлықпен күрес – қоғамның тұрақты дамуы...

Алқабилер құрамын жасақтаудың одан әрі жетілдіру мүмкіншіліктері

Сот төрелігін одан әрі жетілдіру, сот жүйесінің институционалдық тұрақтылығын...

Ыбырай Алтынсарин – білімнің шамшырағы

20 қазан – қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушысы, қоғам...

Задержали зарплату: куда обращаться?

СВОЕВРЕМЕННАЯ И ПОЛНАЯ ВЫПЛАТА ЗАРАБОТНОЙ ПЛАТЫ ПРЕДСТАВЛЯЕТ СОБОЙ НЕ...