«Ұлым менімен мақтанса деймін»: Алматы облысындағы Арман қоғамдық жұмысқа белсене қатысып жүр

108

27 жастағы Арман сот үкімінен кейін пробация қызметінде тіркеліп, туған ауылында күнделікті қоғамдық жұмыстарға шығады. Оның басты мотивациясы — кішкентай ұлы үшін өмірін өзгерту.

«Бұрын бәрі маған мәжбүр деп ойлайтынмын. Бірде ұлым сыныптағы суретті көрсетіп: «Әке, бәрінің әкелері жанында, ал сен қайдасың?» — деді. Сол сәт мені ойлантты», — дейді Арман.

Қоғамдық жұмыс оған жаза емес, өмірді жаңарту мүмкіндігі.

«Арман тапсырманы жауапкершілікпен орындайды, уақытында келеді, құрметпен сөйлеседі. Бұл — басқаларға жақсы үлгі», — дейді пробация қызметінің бастығы Айдар Қосжанов.

Арман автомеханик болуды армалап жүр. «Отбасым үшін ұят болғым келмейді, керісінше — мақтаныш болғым келеді», — дейді ол.