Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерекесі балалар колониясында аталып өтті

 Алматы қаласының ҚАЖ департаментінің №11 мекемесінде ерекше күн болды.  Бұл Ұлы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеуге арналған шара болды. Іс шараға  Алматы сән және дизайн колледжінің студенттері және өнерпаз қонақтар және мекеменің ұстаздардының ұйымдастырумен,  жазасын өтеуші жасөспірмдердің қатысумен концерттік бағдарлама өтті.

Іс шара мекеме бастығы әділет полковнигі Сулейменов Алмат Битимбековичтің құттықтау сөзімен басталып, ҚР әнұраны шырқалып, концерттік бағдарламаға ұласты.

 Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгерлердің орыс және қазақ тілдеріндегі оқиғаларына арналған өлеңдері, сарбаздар туралы қызықты саханалық қойлым, әскери бейнеклиптер және қонақтардың  соғыс жылдарындағы әндердің орындалуы ерекше назарда болды. Шараның маңызды және салтанатты сәті — бір минут үнсіздік. Осы минут әр адамның қайтыс болған жауынгерлердің атын, ерлік істерін  еске алуға мүмкіндік.  Концерттік бағдарламаның лайықты аяқталуы қатысушылардың орындауындағы «Ұлы Жеңіс күні» әні болды. Мерекелік шараның  жалғасы Ұлы Отан соғысының алғашқы күндеріндегі қайғылы оқиғалар туралы баяндайтын бейнеклип көрумен аяқталды.  

Ал бүгін, 2025 жылдың 9 мамырында  соғысқа 80 жыл, сондықтан кейінгі ұрпақ соғыс ардагерлеріне бас иеміз және мәңгі ұмытпаймыз!..

                                                   №11 мекеме Еркегүл Жеңісхан

Профилактические работы в сфере законодательства о государственной службе

Сегодня Департаментом Агентства по делам государственной службы по г.Алматы...

Борьба с киберпреступностью

СИСТЕМНАЯ ПРОФИЛАКТИКА ИНТЕРНЕТ-ОБМАНА В АЛМАТИНСКОЙ ОБЛАСТИ НАБИРАЕТ ОБОРОТЫ. МЕСТНАЯ...

Реализация проектов в действии

В ХОДЕ РАБОЧЕЙ ПОЕЗДКИ АКИМ ОБЛАСТИ АБАЙ БЕРИК УАЛИ...

К 100-летию выдающегося режиссера

ТОРЖЕСТВЕННОЕ ОТКРЫТИЕ МЕРОПРИЯТИЙ, ПОСВЯЩЕННЫХ 100-ЛЕТИЮ ВЫДАЮЩЕГОСЯ КАЗАХСКОГО РЕЖИССЕРА, ЗАСЛУЖЕННОГО...

Иллюзия близости: почему чат-боты заменяют нам друзей?

ПОЗДНИЙ ВЕЧЕР, В КВАРТИРЕ ТИХО, ГОРОД ЗА ОКНОМ ДАВНО...