Ұлы Жеңіс ұмытылмайды

Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің 80 жылдығына орай, Абай облысы бойынша ҚАЖД №20 мекемесінің жеке құрам қызметкерлері Абай атындағы кітапханада ұйымдастырылған «Қаһарлы жылдар баспа беттерінде» атты тақырыпта кітап көрмесіне қатысты. Қызметкерлер көрмеде Ұлы Отан соғысы жайлы тарихи кітаптармен танысты, соғыс жайлы дәрісін тыңдап, басылым беттерінде жарияланған жауынгерлердің ерліктері, халықтың еңбегі мен жетістіктері, күнделікті тұрмыс-тіршіліктері, «Жауынгер хаттарымен» танысты.

-«Жеңіс күні бәріміз үшін айрықша қымбат, қастерлі мереке. Бұл мереке әр кезде де батылдық пен ерліктің, қаһармандықтың символы, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі болып келеді.
Бүгінгідей бейбіт, тыныш өміріміз үшін жанын құрбан еткен жандарға алғыс айту — саналы ұрпақтың қасиетті борышы. Ел алдындағы қасиетті борышын өтеп, еліміздің амандығын, жеріміздің тұтастығын қорғап қалған ерлерге мәңгі тағзым етеміз.

Көк аспанмен түстес Туымыз әрдайым биікте желбіреп, бейбіт өміріміздегі Жеңіс күнінің мәртебесі қашанда биік болсын! деп,- бөлісті #20 мекеме бастығы Жеңісбек Дауренбеков.

2025-2026 театр маусымында еліміздегі қойылымдарды 2,8 миллионнан астам көрермен тамашалады

2025-2026 жылғы театр маусымы еліміздің театрлары үшін табысты аяқталды....

Қазақстан сары май мен күнбағыс майы өндірісін арттырып, сыртқы нарықтағы экспорттық әлеуетін нығайтуда

2026 жылғы қаңтар–сәуір айларының қорытындысы бойынша Қазақстанда сары май...

Условно-досрочное освобождение в Республике Казахстан: текущее состояние, проблемы и пути развития

А. Жукенов, экс-председатель судебной коллегии по уголовным делам Верховного...

Принцип гласности в уголовном процессе Республики Казахстан: проблемы реализации и пути совершенствования

А. Жукенов, экс-председатель судебной коллегии по уголовным делам Верховного...

Проблемы системности и эффективности УПК Республики Казахстан: избыточность, пробелы, противоречия

А. Жукенов, экс-председатель судебной коллегии по уголовным делам Верховного...